Өңірде 140 нысанға аудиторлық тексеріс жүргізілді

a5f05638-fdaf-4736-a7ec-20705b75ff19.jpg

    Алматы облысының Тексеру комиссиясы өткен жылы аудиторлық қызметін жүзеге асыру барысында  140 нысанға тексеру жүргізген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 

    Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтамау салдарынан 45 744,8 млн.теңге сомасында құқық бұзушылықтар анықталған. 

Атап айтсақ: 

- қаржылық бұзушылықтар 8 283,4 млн. теңге. 

- тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 1 765,1 млн. теңгеге жетіп жығылады. 

    «2020 жылмен салыстырғанда аудиторлық іс-шаралар 2 есеге төмендеді, бұл ретте аудитпен қамтылған қаражат көлемі 3 есеге төмендеді»,-дейді Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ардақ Қондыбаева.

      Жалпы, аудит жүргізу барысында жіберілген бұзушылықтар бойынша 54 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 138 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бюджетке жалпы сомасы 15,6 млн. теңге  айыппұл түскен.

    Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша процестік шешім қабылдау мақсатында 2 материал құқық қорғау органдарына жіберілді, бүгінгі күні құқық қорғау органдарымен 2 материал бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 2024 жылғы 19 наурыздағы сот үкімі негізінде бұрын берілген аудит материалдарына сәйкес 4 адам кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды»,-деп қорытындылады спикер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Свыше 600 компаний под прицелом налоговой: в чём суть новой фискальной политики?
  • Оперативного штаба по борьбе с терроризмом.
  • Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының жекелеген топтарының оқу-жаттығуы өткізіледі.
  • Амал мерекесі. Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні
  • Алматы облысында NEEТ жастарының саны 26 мыңға дейін азайды