Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты

ce4e4eec-071d-48b6-bc5e-5b52b083c1b6.jpg

    Алматы облысының 4 ауданында су  басу қауіпі бар 13 аймақ анықталды. Онда 34 мыңнан астам халық тұрады. Ерте көктемде қызыл су басып қалмауы үшін төтеншеліктер алдын алу шараларын қолға алады. Бүгінгі күні облыста 42 гидропост қойылған екен.

    Мамандар, облыс аумағындағы өзен арналарындағы жағдай тұрақты дейді. 

«Облыстағы «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» ірі су қоймаларындағы су толтыру штаттық режимде жүргізілуде, бүгінгі күні сыйымдылық 31%-дан 92%-ға дейін жеткен. Қалған су қоймалар транзиттік режимде жұмыс істейді, теңгерім ұстаушылар тұрақты мониторинг жүргізеді»»,-деді Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Даурен Азаматов. 

    Төтеншеліктер су тасқынына сақадай саймыз деген ойда. Олардың айтуынша,  жыл басынан 63,6 км арық, 30 км арна мен 78 су өткізу құбыры тазартылып, 17 мың шаршы метр қар шығарылған. 

    «Су тасқыны кезеңіне облыстың азаматтық қорғау қызметтерінде жалпы саны 1136 адам, 347 бірлік техника 130 мотопомпа, 36 бірлік жүзу құралдары, 8,2 мың тонна инертті материал мен 81,5 мың қап, 76 тонна жанар-жағар май дайындалды»,-дейді спикер. 

        Жалпы алғанда,  облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • День металлурга в Казахстане — 20 июля
  • Алматы облысында балабақшаларға ваучерлік жүйе енгізілді
  • 2025 жылы мал шаруашылығын субсидиялау жүйесі жаңаша форматта іске асырылады
  • БҰЛ ЖЫЛ ЖАСТАРҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРУДЕ
  • ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ