Димаштың әні америкалық чарттарда жоғары орындардан көріне бастады

димаш.JPG

    Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Smoke» әні Американың Amazon және iTunes чарттарына енді, деп хабарлады Elordainfo.kz  dimashnews сайтына сілтеме жасап.

30 қаңтарда трек iTunes Top 100 рейтингінде орта тұста болып, 32-ші орынға жеткен болса,Amazon-да «Best Sellers in Songs» санатында бұл ән үздік ондыққа кірді. Ал «Best Sellers in Pop» категориясында ән рейтингте бірінші орын алды.

«Smoke» әні 2024 жылдың 26 сәуірінде шыққан. Шығарманың композиторы – Димаштың өзі, мәтіннің авторлары – Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.

Сондай-ақ Димаш Құдайберненнің «Love’s not over yet» әнінің премьерасы 7 наурызда болмақ. Оны композитор және продюсер Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық авторлар ұжымы дайындайтын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • Даму бағытымызды айқындады
  • ІЛЕ АУДАНЫНДА ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘН КЕШІ ӨТТІ
  • ОТ ПРОМЫШЛЕННОСТИ ДО ИНФРАСТРУКТУРЫ: В КАЗАХСТАНЕ ЗА СЕМЬ ЛЕТ РЕАЛИЗОВАНО БОЛЕЕ 1 200 ИНВЕСТИЦИОННЫХ