Ауыл шаруашылығы саласының 2024 жылғы негізгі көрсеткіштерінің орындалуы және
2025 жылға жоспар бойынша
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 674,9 млрд. теңгені және нақты көлем индексі 100,2% құрады (2023 жылы
814,5 млрд. теңге).
2025 жылы өндірілген өнімнің жалпы көлемін 743,6 млрд. теңгеге (нақты көлем индексін 102,2%) жеткізу жоспарлануда.
2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 419,5 мың гектарды құрады (2023 ж. – 457,4 мың га). 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабын
431,3 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Барлық егін жинау жұмыстары ақталып, облыс бойынша 169,2 мың гектардан 612,2 мың тонна дәнді дақылдар, 23,7 мың гектардан 42,2 мың тонна майлы дақылдар, 10,4 мың гектардан 247,7 мың тонна картоп, 17,3 мың гектардан 492,7 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары жиналды.
Астыққа егілген жүгері алқабы 50,4 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға аз (2023 ж. - 54,7 мың га). Жалпы 357,1 мың тонна жиналды.
Өндірілген өнімді сақтау мақсатында жалпы көлемі
131,3 мың тонна болатын 80 жеміс-көкөніс және картоп қоймасы бар.
Оның ішінде 30 жеміс қоймасы – 47,8 мың тонна, 29 көкөніс қоймасы -
57,1 мың тонна, 21 картоп қоймасы - 26,4 мың тонна.
Бүгінгі күні сақтауға 68,6 мың тонна жеміс-көкөніс, картоп өнімдері салынды.
Оның ішінде: көкөніс - 13,1 мың тонна (23,9%), жемістер – 43,0 мың тонна (89,9%), картоп – 17,4 мың тонна (66,1%).
2025 жылы облыста жалпы құны 10,1 млрд. теңге болатын өндірістік қуаты 34,8 мың тоннаға 6 жеміс-көкөніс және картоп қоймасын салу (кеңейту) жоспарланған (Өндірістік қуаты 22,8 тонна
3 жеміс қоймасы, өндірістік қуаты 12,0 мың тонна 3 көкөніс қоймасы).
Жалпы ауданы 84,9 гектар болатын 55 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.
Оның ішінде өнеркәсіптік – 52,5 гектар алаңда 20, фермерлік – 13,2 гектар алаңда 20, халық шаруашылықтары (жылыжайлар) - 18,1 гектар алаңда 15.
Жылыжай шаруашылықтарын дамыту облыс пен Алматы қаласының тұрғындарын маусымаралық кезеңде жаңа көкөністермен қамтамасыз етуге бағытталған.
2024 жылы облыс бойынша күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін 5,5 мың тонна дизель отыны мақұлданып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3,2 мың тонна дизель отыны жөнелтілді.
Ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарына 283 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 5,2 мың тонна дизель отынына, ал күзгі дала жұмыстарына 202 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 1,4 мың тонна дизель отынына өтінім түсті.
2024 жылы 5,6 млрд. теңгеге 437 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды (жоспар 588 бірлік). Белгіленген жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы паркін
5,5% көлемінде жаңартылуы тиіс болған, алайда 12 айдың қорытындысына сәйкес ауыл шаруашылығы паркін жаңарту 4,1% құрады.
Мал шаруашылығында 2024 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша ірі қара мал саны – 576,2 мың басты құрады (2023 жылы 489,8 мың бас).
Ұсақ мал саны – 2,3 млн. бас (2023 жыл 1,9 млн. бас).
Жылқы – 230,4 мың басты құрап (2023 жыл 168,9 мың бас),
Құстар – 9,6 млн. басты құрады (2023 жыл 9,4 млн. бас).
Ет өндірісі 276,1 мың тоннаны құрап, 8,8% ұлғайды
(2023 жылы 253,8 мың тонна).
Сүт өндірісі 289,6 мың тоннаны құрайды (2023 жылы 263,8 мың тонна).
Тауық жұмыртқасының өндірісі 535,6 млн. дананы құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2% өсті
(2023 жылы 499,6 млн. дана).
2025 жылы ірі қара малды 596,8 мың басқа, ұсақ малды
2,6 млн. басқа, жылқы 241,9 мың басқа, құстарды 10,1 млн. басқа жеткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ет өндірісін 281,6 мың тоннаға, сүт өндірісін 309,2 мың тоннаға, тауық жұмыртқасын 562,4 млн. данаға жеткізу жоспарлануда.
Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің ауданы 270,5 мың га құрайды, оның ішінде суармалы егістік 246,2 мың га.
Облыста 310 гидротехникалық құрылыс бар (оның ішінде 72 су қоймасы, 112 тоған, 13 бөген және бөгет, 14 су тораптары, 99 магистральдық каналдар).
Суару желілері мен гидротехникалық құрылыстардың қайта жаңғыртусыз ұзақ уақыт пайдаланылуына және тасымалдау кезінде су шығынының ұлғаюына байланысты суармалы жерлер толық игерілмейді.
Бұл мәселені шешу үшін әкімдік 2022 жылдан бастап
8 ауданда және Қонаев қаласында айналымнан шығып қалған 46,1 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін суару желілерін қайта жаңғырту бойынша шаралар жүргізілуде.
Жамбыл – 10266 га, Іле – 8335 га, Кеген – 8898 га, Райымбек – 6000 га, Талғар – 3200 га, Ұйғыр – 6396 га, Қонаев – 3000 га.
2024 жылы облыс бойынша су үнемдеу технологияларын енгізу алаңы 43,6 мың гектарды құрады (102,5%).
Жаңа алаңдар 23,0 мың гектар, оның ішінде: тамшылатып суару – 9,3 мың гектар, жаңбырлатып суару – 13,7 мың гектар.
2025 жылы су үнемдеу технологияларын енгізу алаңын
93,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
2024 жылы 7,1 млрд. теңге сомасына 10 инвестициялық жоба іске қосылды.
Бұдан басқа, АӨК саласындағы инвестициялық жобалардың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы өзектендірілді және жалпы сомасы 317,2 млрд. теңгеге 36 жобадан тұратын пул жиналды.
Ағымдағы жылға 33,3 млрд. теңге сомасына 17 жобаны іске асыру жоспарланған.
Оның ішінде 16,7 млрд. теңгеге СҚО тәжірибесі бойынша 11 жоба (тауарлы сүт фермасын салу және кеңейту).
2024 жылы Алматы облысы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға арналған «Ауыл амнаты» бағдарламасына 17,6 млрд. теңге қарастырылған (Республикалық бюджетті оңтайландыруға байланысты Алматы облысы бойынша 2,5 млрд. теңге қаражат).
Бағдарлама бойынша аудандардан 12,1 млрд. теңге сомасына 1215 өтінім түсті.
Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен
2,5 млрд. теңге түсіп, оның ішінде 1,3 млрд. теңгеге
137 микрокредит берілді.
2025 жылға «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша
2,5 млрд. теңге қарастырылып, 403 жаңа жұмыс орнын құрумен 370 шағын несие беру жоспарлануда.
2024 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге
28,3 млрд. теңгеге бөлінді және төленді. 2025 жылға агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 27,7 млрд. теңге бөлінді.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.