2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргі таңдағы негізгі мәселелер қозғалып, іске асыру шаралары айтылды.Алдағы жұмыстардың нақты бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда:
✅әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөліну керектігі айтылды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болады. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. Осы мәселелердің бәрі бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
✅Жолдауда алдағы жұмыстың нақты 10 бағытына тоқталып, әр бағытқа талдау жасады. Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сынды 10 бағытты атап көрсетті.
Бұл бағыттар Қазақстан Республикасының алдағы уақытта қарқынды түрде дамуына үлкен үлес қосатын өзекті бағыттар болмақ!
Ел Президенті айтқандай, бірлесе жұмыс жасау арқылы Әділетті Қазақстанды орнатып, ортақ мақсатқа жету жолында табанды еңбек етейік!
Журналист К.Ербай