Талғар ауданында инвестиция 124,6 млрд теңгеге жетті

982b39ce-f2dc-4029-a919-cf23ca71f0d6.jpg

    Талғар ауданы Алматы облысының экономикалық донорына  айналып келеді.  Бұл туралы аудан басшысы Танат Ескенкелдіұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Олай айтуға негізде жоқ емес, 2024 жылы жергілікті бюджетке  31.,2 млрд.теңге   түсімдер   жиналып жоспар 104.0% орындалды.

    Салық базасын ұлғайту мақсатында бюджетке 732 млн.теңге  түсім қамтамасыз етілді.Бюджет  шығындарының  көлемі  20,1 млрд. теңгеге жетіп,   жоспар  93,7 %-ға игерілген жайы бар.  Өндірісі де өркендеген. Өндіріс көлемі  2023 жылмен салыстырғанда 11,4  млрд. теңгеге артып, 99,1 млрд. теңгеге  жеткізілді. 

    7  жаңа   өндіріс  орындары  ашылып, 101 адам  жұмыспен  қамтылды, барлығы 8,6 млрд. теңге  инвестиция  тартылды. ШОБ ісіде алға басқан. Бүгінгі күні аданда 22  мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс жасайды. 

Танат Есенкелдіұлының айтуынша, кәсіпорындар санының артуымен  қатар  олар өндіретін өнім көлемі де ұлғайып  келеді. 

Бүгінде бұл көрсеткіш 358,1 млрд. теңгені құрап, бюджетке  30,4 млрд. теңге түсімдер  жиналған. Ол жалпы бюджеттің  20,3 пайызын,  аудандық  бюджеттің  85 пайызын  құрайды.                                                                                                                                         «Әр   жылдардағы   тәжірибеге  сүйенсек   нарық   кезінде   экономиканың  өрлеуі    инвестицияның    өсуіне  байланысты  болады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 124,6 млрд. теңгеге жетіп,  бұл 2023  жылмен салыстырғанда 16,9   млрд. теңгеге көп»,-дейді Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков.

        Өндірісі ілгері басқан өңірде құрылыс қарқынды. Былтыр ауданда құрылысқа 60,6 млрд. теңге жұмсалып, 2024 жылы 287,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.

    Бүгінгі күні Талғар қаласында 9 қабатты 72 пәтерлік 3 тұрғын үйлердің және  аудан бойынша 10 жеке тұрғын үй кешендерінің құрылыс  жұмыстары  жүргізілуде. 

    Аудан басшысы комуналдық мәселелерде өз ретімен шешімін тауып жатыр дейді.  Соның ішінде ауыз судан тапшылық жоқ екеніне сендіріде. Бүгінгі күнге 46 елді мекеннің 45-сі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған, яғни  қамту деңгейі   97,8 пайызды құрайды.  Ал, көгілдір отынды аудандағы 31 елді мекеннің халқы тұтынып отыр. 

    «Кіші Байсерке,Еламан, Көктал, Төнкерис, Арқабай ауылдарында   газдандыру жұмыстары жүргізілуде», деп атап өтті Танат Есенкелдіұлы. 

     Ауданның айнасы саналатын, жол саласында да бірталай істер атқарылған. Өңірдегі жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі  65 %-дан 67%-ға  өсті.   Жол жөндеу жұмыстарына  тоқталсақ,  2024  жылы  бюджеттен 2,4 млрд. теңге қаражат қарастырылып,   63,2 шақырым жолдар  жөндеуден өтіп, 22 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі, 40 аялдама,  3 бағдаршам орнатылып, бүгінгі күні іске қосылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Таза Қазақстан» бағдарламасы-болашақ ұрпақ үшін
  • Жолдауға қолдау
  • Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады
  • 2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
  • Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды