«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес:
ü жекеше мекеме;
ü қоғамдық бірлестік;
ü коммерциялық емес акционерлік қоғам;
ü қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар;
ü заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар;
ü шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi)
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті) айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын ҮЕҰ дерекқордың интернет-порталы http://infonpo.gov.kz арқылы 31 наурызға дейін ұсыну қажет. Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Басқа да сұрақтар бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің сайтынан (https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/press/article/details/5994?lang=kk ) білуге болады.