Облыс бойынша 266 елді мекен қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуге жатады, оның ішінде 223 елді мекен (83,8%) қамтылған.
Алматы облысының маршруттық желісіне 141 автобус бағыты кіреді, оның ішінде 3 облысаралық, 28 ауданаралық, 53 ауданішілік (қалаішілік), 57 қала маңындағы бағыттар.
2024 жылы облыс аумағында 44 автобус жаңартылды, оның ішінде өнеркәсіпті дамыту қорының лизинг бағдарламасы бойынша 27 отандық құрастырылған автобус жаңартылды (2023 жылы 33 автобус жаңартылды).
Сондай-ақ, облыстық тасымалдаушылар 2025 жылы 33 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
2024 жылы 4 ауданда және 1 қалада 49 әлеуметтік маңызы бар маршруты субсидиялауға 4,050 млрд.теңге бөлінді.
2025 жылға 49 әлеуметтік маңызы бар маршруты субсидиялауға 3,6 млрд.теңге бөлінді.
2024 жылы облыс бойынша 52 елді мекенді қамтитын 19 автобус бағыты ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, облыстың елдімекендерін автобус қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Алматы қаласының әкімдігі 52 елді мекенді қамтитын 20 қала маңындағы бағытынұйымдастырды:
2024 жылы жолаушылар және ауыр жүк тасымалы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша 22 бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 76 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
2025 жылы облыс бойынша жолаушылар көлігі мен мектеп тасымалын диспетчерлік басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілетін болады.
Маршруттардағы көлік құралдарының жұмысын оңтайландыру (уақыт бойынша, апта күндері, маусымдар бойынша, мерекелер бойынша және т. б.), айыппұлдарды қолдану мүмкіндігі, тасымалдаушылар жұмысының сапасы тиісінше болмаған жағдайда, көлік министрлігіне облыстың көлік жұмысы туралы ақпаратты автоматы түрде беру, жүргізушілер мен тасымалдаушылардың атқарушылық тәртібін арттыруға он әсер етеді.