Өткен аптада аудандық кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне орай, тіл айлығы аясында облыстық «Тіл» оқу - әдістемелік орталығының Балқаш аудандық филиалы және аудандық кітапхана қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен «Үш бақыттың бірі – тіл» тақы-рыбында мәдени іс - шара болып өтті.
Аталмыш іс – шараның шымылдығы Қазақстан Республи-касының Гимнімен ашылды.
Адам бойына рухани күш – жігер қалыптастыратын асқақ әннің орындалуынан кейін облыстық «Тіл» оқу - әдістемелік орталығы Бал-қаш аудандық филиалының оқытушысы Толғанай Ғалым-қызы іс – шараның жүргізу тізгінін өз қолына алып, «Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге дарып, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны» дей келе мәдени шараға қатысушыларға ұйымдастырылып жатқан іс – шараның негізгі мақсатына баса тоқталып өтті.
Алғашқы сөз кезегін алған облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығының» жетекші сарапшысы Ғалия Жусупова: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас болып жеткен асыл қазына. Қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз» деп қазіргі қоғамда мелекеттік тілдің алар орны жайында кеңінен тебірене сөз сөйлеп, бүгінгі аға буын өкілдерінің Кеңестік кезеңде орыс тілін жетік меңгеріп, әдетке айналған сөздік қорлары жаңармағанын алға тартты.
Мұнан соң аудандық кітап-хананың әдіскері Ақбота Ибрагимова "Үш бақыттың бірі - тіл" атты баяндамасын жасап, бүгінгі таңдағы тіл мәселесі жайында өз ойын ортаға салды.
Мәдени шараның «Көңілді караоке» айдарында Төреғали Төреәлінің «Қазақ тілі» әнін шараға қатысушылар музыка әуеніне қосыла шырқады.
Келесі кезекте сөз алған аудандық «Балқаш өңірі» газе-тінің директор – бас редак-торының орынбасары, тіл жанашыры Бақтығали Дәуітбаев мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тұғырына қондыру мақсатында қандай шаралар өткізу жөнінде өз ойын ортаға салып, шараға қатысушыларды мемлекеттік тілдің кең өріс алуына бірлесе жұмыстар атқару қажеттігі жайында әңгіме өрбітті.
Шараға қатысушыларда мемлекеттік тілдің мәртебесі жайында пікір алмасып, Тәуелсіз мемелекетіміздің өркендеуі мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне және өзіміздің каракөздеріміздің Ана тілге деген құрметіне байланысты екенін айта келе, бір ауыздан «Тіл – халықтың тарихы. Ана тілін қамқорлыққа алу қоғам алдындағы қасиетті парызымыз! Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін» деген тілектерін білдірді.
«Тіл – мемлекеттің тірегі». Әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей білуге міндетті.
Қазақ тілі - аса бай тіл, рухани тіл, әдеби тіл. Ана сүті арқылы бойға дарыған тіл ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді. Ол байланыс құралы ғана емес, тарихымыздың ажырамас бөлігі, діліміздің тірегі, мәдениет пен әдебиеттің биік тұғыры деп білеміз.
Өз тілшімізден.