Осы аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында алқа отырысы болып өтті.
Келелі жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қоғамдық ұйым басшылары, бөлім мен мекеме - ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері, мәдениет және спорт, кітапхана, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері қатысты.
Алқа отырысын жүргізген аудан әкімі Азат Құтпанбетов күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баянда-машыларға сөз кезегін беріп отырды.
Жиында алғашқы сөз кезе-гін алған аудан әкімінің орынбасары Азамат Алтынбаев аудан-ның 2024 жылғы І-ші жарты жылдығындағы әлеуметтік- экономикалық дамуы және ІІІ-ші тоқсандағы міндеттері, бюджеттің атқарылуы және оның түсімі мен игерілуі, сонымен қатар инженерлік-инфра-құрылым желілерінің құрылыс жұмыстары туралы, соның ішінде индустриалдық аймақтар бойынша жұмыстар қандай деңгейде атқарылып жатқаны жөнінде, сонымен қатар жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы, жол, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы жобалар туралы баяндамасын жасады.
Келесі кезекте сөз алған аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов аудан кө-леміндегі білім, мәдениет, спорт саласындағы атқарылған жұмыстары мен алға қойылған міндеттері туралы баяндама жасаса, аудан әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет аграрлы ауданымыздың ауылшаруашылығы, ветеринария саласының негізгі көрсеткіштерінің орындалуы бойынша жартыжылдықтың қорытындысы, соның ішінде су үнемдеу технологиясын енгізу, субсидиялар мен жеңілде-тілген несиелер беру, жердің мақсатты нысанда пайдаланылуына мониторинг жүргізу, ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу және сақтау мәселелерін шешу жолдары, эпизоотиялық жағдай мен екпе егу жұмыстары жайында баяндап берді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Азат Үкітайұлы алқа мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылары және алдағы міндеттер туралы мәсе-лелер толық қаралғанын айтып, атқарылған жұмыстармен қатар кемшіліктердің де орын алғанын алға тартып, кем-шіліктерді жіберген мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жіберілген кемшіліктерді тез арада жою мақсатында алдағы уақытта тиісті мамандар нақты шаралар жасау қажеттігін айтып, қатаң түрде тапсырмалар жүктеді.
Ауданның 2024 жылғы І-ші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және ІІІ-ші тоқсандағы міндеттері туралы Қаулы жобасы қосымша толықтырулармен қабылданатын болды.
Өз тілшімізден.