СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


71424992-f371-4a38-bc3a-e043c8c32ee2.jpg

Тәуелсіз мемлекетімізде жыФн тамыз айының үшінші жексенбісі спортшылар қауымының кәсіби мерекесі, яғни «Спорт күні» дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Биылда бұл дәстүрлі мереке өз жалғасын тауып, осы аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан спортшыларына құрмет көрсету мақсатында  кәсіби мереке иелерімен басқосу жиын өтті.

Мерекелік шараның шы-мылдығын түрген аудан әкімі Азат Құтпанбетов аудан спорт-шыларының жыл басынан бері жеткен жетістіктері мен алдағы уақытта бағындырар белестері жайында баяндама жасап, үздік спортшыларды марапаттады.

Аудан басшысы өзінің құт-тықтау тілегінде: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт пен дене шынықтыру саласының дамуын үнемі бас-ты назарға қойып келеді. Ел спортының ертеңін еңселі ету, ойы сергек, бойы шымыр ұрпақ тәрбиелеу – басты міндетіміз. Өңірімізде салмақты нәтижелер мен жеңістерге жеткен түрлі спорттық жарыстардың танымал чемпиондары мен жүлдегерлерінің тұтас бір тобы тәрбиеленген.

Бүгінде біздің спортшылар ауданымыздың айбынын лайықты түрде қорғауда. Атап айтсақ, 2024 жылы ауданнан 986 спортшылар 41  жарысқа барып, соның ішінде 4 Азия чемпионаты, 3 Халықаралық турнир, 9 Республикалық және 25 облыстық жарыстарға қатысып, барлығы 11 алтын, 16 күміс, 27 қола медальдарға қол жеткізді.

Бұл жетістіктер - спорт саласына еңбек сіңірген аға буын жаттықтырушылар мен білікті мамандардың, спортшылардың ерен еңбектерінің жемісі.

Ауданымызда спортқа ден қойған адамдар саны жылдан- жылға арта түсуі қуантады. Киелі өңірімізде дүбірлі додаларда топ жарып, ауданымыз- бен қатар еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спорт саңлақтары жетерлік» деп, іс-шараға қатысып отырған кәсіби мереке иелерін төл мерекелерімен құттықтап, спорт саласында еңбек етіп, өз міндеттерін абыройлы атқарып жүрген қызметкерлерді марапаттады.

Марапатау барысында аудандық балалар мен жас-өспірімдер спорт мектебінің футбол спортының жаттықты-рушысы Қаржаубай Байсалбаевты, сондай – ақ осы мекеменің медбикесі Қыз-Жібек Серікқызын және әдіскер Бибі-Айым Дәрменқызын аталмыш мерекеге орай ауданымыздың спорт саласына қосқан сүбелі үлесі мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жоғары жетістіктерге жеткен еңбегі үшін марапатталса, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің есепшісі Ақмарал Марланқызын және осы мекеменің меңгерушісі Еркебұлан Исатай мен мемлекеттік сатып алу маманы Аңсар Серікұлын,  спорт нұсқаушысы Еркебұлан Әкімбайды, мектеп психологі Айнұр Шибаеваны, бокс спортының жаттықтырушы Самат Серікұлын, дзюдо күре-сінің жаттықтырушысы Малик Тұрсынұлын, волейбол спортының жаттықтырушысы Алмаз Қайратұлын, Грек-рим күресінің жаттықтырушылары Қайрат Қожаханұлы мен Ерасыл Ерланұлын, осы ме-кеменің жұмысшылары Сержан Қыдырбаев пен  Динара Бекежанқызын және Айман Наскенқызы, сондай - ақ аудандық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығының Миялы ауылындағы әдіскері Алмаз Мергенбаевты  осы мекеменің  Ақкөл ауылындағы әдіскері Әлішер Айдынды, Қарой ауылындағы әдіскері Мирас Ғабдолды,  №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мира Олжабайқызын, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Елдос Абжапаровты спорт саласын дәріптеу – қоғамда дене шынықтыру мен спорттың дамуына, өскелең ұрпақтың тұрақты түрде спортпен шұғылдануына бірден-бір себеп болғаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Келесі марапаттау кезегінде «AMANAT» партиясы  Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбай мінбе төріне көтеріліп, волейбол спортынан жаттықтырушы Қуанышбек Оразымбетұлына, футбол спортынан жаттықтырушы Қайрат Ертілеуұлына, бокс спортынан жаттықтырушы Айбол Қазбекұлына, пауэрлифтинг спортынан жаттықтырушы Алдияр Ерланұлына  және қолкүрес спортынан жат-тықтырушы Самат Нұр-мұханұлына «AMANAT» пар-тиясының Алматы облыстық филиалының Алғыс хатын табыстады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы   бұл айтулы мереке спорт жанашырларының да мерекесі болып саналатынын айта келе, ауылдық жерлерде тұрғындардың спортпен айналысуына тұрақты жағдай жасалса, көптеген спортшылар шығады деген өз ойын білдірді.

Елдің үміті мен тілегін арқалап, сенім үдесінен шыға білетін, ел мен жер абыройын асқақтата білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатары көбейіп, аудан спортының жетістіктері мен табыстары арта беруіне тілектес болайық, ағайын!

                                           Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады