АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

e91e3d8e-91a9-4fc2-b8d0-b1178436186c.jpg

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында осы аптаның бейсенбісі күні аудан әкімі Азат Құтпанбетов «АMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері  бойынша қабылдап, олардың ұсыныс – пікірлерін тыңдады.

Аудан басшысының Қоғам-дық қабылдауына аудан әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет, «АMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбай, сондай –ақ бірқатар аудандық мекеме – ұйымдардың басшылары қатысып отырды

Қоғамдық қабылдау барысында Балатопар ауылдық округінің тұрғыны Гүлмира Бейсенбекова жұмысқа тұру мәселесі бойынша өтінішін  білдірсе,  Бақанас ауылының тұрғыны Күлшайым Жанбырбаева егіс алқаптан берілген жер телімінің үлесін ала алмай жүргенін алға тартып, жер телімін пайдаланушы  жыл сайын берілетін қыс-қы мал азығының ақшасын берсе деген өтінішін айтты.

Сонымен қатар Балатопар ауылынан келген Мәди Әбдіғалиев жұмыс жайлы өтінішін жеткізсе, Ақдала ауылдық округінің тұрғыны, көпбалалы ана Гүлайым Мансұрова материалдық көмек және тұрғын үй кезегі түралы мәселені ортаға салды.

Қоғамдық қабылдауға арнайы келген аудан тұрғындары-ның   ұсыныс – пікірлеріне, өті-ніштеріне  құлақ түрген аудан әкімі Азат Үкітайұлы айтылған барлық өзекті мәселелердің дер кезінде өз шешімін табуға тиісті әрекеттердің жасалатынын және осы мәселелер бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеп, өзінің тиісті бақылауында ұстайтынын айтты. 

«АMANAT» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылу болса, аудандық партия филиалының жанынан құрылған Қоғамдық қабылдау үлкен рөл атқаруда.

Сондықтанда осындай іс – шараның ұйымдастырылуы аудан тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдап, оларды шешу бағытында қажетті жұмыстар атқарылып,  тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер оң шешімін тауып жатса, нұр үстіне нұр болары ақиқат.

                                                                      Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады