АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

684d01cc-8325-4c03-a5e4-a375c4377c65.jpg

Осы аптада "Ардагерлер ұйымы" республикалық Қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Талғар қаласында облыс көлеміндегі ардагерлер арасында облыстық көркемөнерпаздар фестивалі болып өтті.

Аталмыш іс – шараға арнайы барып қатысқан аудан ардагерлері өз өнерлерін ортаға салып, жүлдемен оралды.

600ef44d-b837-4e27-9b4a-9e9a3a346900.jpg

Облыстық іс – шараның өнер сайысында мәнерлеп оқудан бақ сынаған жерлесіміз, ауданның Құрметті азаматы Зәуреш Демеуқұлова жүзден жүйрік атанып,  І-ші орынды  жеңіп алып,  "Үздік мәнерлеп оқу" дипломымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Ал ардагерлар арасында өткен сайыстың спорттық бағдар-ламасында сынға түскен жерлесіміз, ауданның Құрметті азаматы Марат Қашқынбаев шахмат сайысынан қарсыластарынан басым түсіп, І-ші орын иегері атанып, "Үздік шахматшы" дипломымен марапатталып  және ақшалай сыйлықты иеленді.

Жарысты қорытындылай келгенде оған қатысушы ардагерлер ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

Аудан ардагерлерін облыстық жарысқа бастап барған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев киелі өңіріміздің ардагерлері бұған дейін де жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүргенін айтты.

«Ауылыңда қария болса - жазулы тұрған хатпен тең» демекші, қасиетті өңіріміздің өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып, бүгінде ұрпаққа үлгі - өнеге көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген осындай қазыналы қарттарымызға Алла қашанда күш - қуат берсін деп тілекте болайық!

                                                                                                        Өз тілшімізден.   

       

 

 

 

 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Дала дәмі» жәрмеңкесі – береке мен бірліктің бастауы
  • Жаңа Конституция-ел тірегі
  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан