САНИТАРЛЫҚ БЕКЕТТЕР ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ

САНИТАРЛЫҚ БЕКЕТТЕР

ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ

Қазір бүкіл әлем қауіпті дерттен сақтану шараларын жасап жанталасып жатқан жағдайда аудан жұртшылығының індеттен амандығын сақтау мақсатында Тасмұрын асуының баурайында, сонымен қатар Топар ауылдық округінің маңынан ауданға кіріп-шығатын техникалардың жүріс-тұрысын бақылау мақсатында санитарлық бекеттер құрылған еді. Аталмыш бекеттер қазіргі таңда толыққанды өз жұмыстарын жалғастыруда.

Құрамында полиция, медицина қызметкерлері және ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, аудан әкімдігінің аппаратының өкілдері бар аталмыш бекет тәулік бойы өз жұмыстарын лайықты атқаруда.

Санитарлық бекеттің басты мақсаты-індеттің алдын алу болғандықтан ол жерде әрбір жолаушының денсаулығы қадағаланып, карантин кезінде арнайы рұқсаты мен анықтамасы бар тұрғындар ғана аудан аумағына кіріп-шыға алады.

Осы орайда аудан тұрғындарына осындай қиын-қыстау сәтте облыс көлемінде енгізілген арнайы карантин шарттарын мүлтіксіз орындап, үнемі «үйде болайық» дегіміз келеді. «Сақтанғанды сақтайды» деген тәмсілді ұмытпайық, ағайын!


Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Новый исследовательский реактор: инвестиция в технологии, кадры и будущее атомной науки
  • Рост ВВП Казахстана по итогам девяти месяцев текущего года составил 4,2%
  • Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,2%-ды құрады
  • Алматы облысының Жамбыл ауданында 15 медициналық нысан қолданысқа өтті
  • Алматы облысы: Жамбыл ауданында 45,4 шақырым автомобиль жолы жөнделді