10 күндік таңғы жаттығу

       230426fc-3f7f-4d03-8a51-5d732277ee57.jpg

         2024 жылдың 07-16 қазан күндері аралығында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен "Спорт - маңызды, Спорт - қажет" атты мемлекеттік қызметшілер арасында 10 күндік таңғы жаттығу

іс-шарасы өтуде. Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мен оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және Алматы облысының мемлекеттік мекемелері арасында бұқаралық-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. 

   ddfdb4f8-500c-475c-a228-4a821e95692c.jpgce137072-828d-42bb-8e39-09a94128d00a.jpgce137072-828d-42bb-8e39-09a94128d00a.jpg

    1 ddfdb4f8-500c-475c-a228-4a821e95692c.jpg0 қазан    күні таңғы жаттығудың төртінші күні өтті. Таңғы жаттығуды грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Азия чемпионы, Париж  Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев өткізді.  Жаттығу барысында қатысушыларға кәсіби кеңес беріп, физикалық жаттығулардың маңыздылығын атап өтті. Демеу қатысушылармен бірге түрлі жаттығу әдістерін орындап, командалық рухты нығайтуға көмектесті. Қызметкерлерге қайырлы таң мен сәтті күн тілеп, ізгі ниетін білдірді. Оның тәжірибесі мен мотивациясы әрбір қатысушыға шабыт берді деген сенімдеміз.

ce137072-828d-42bb-8e39-09a94128d00a.jpg    ce137072-828d-42bb-8e39-09a94128d00a.jpg

    Жарыс соңында белсене қатысқан мемлекеттік мекемелер ақшалай сыйлықтармен, медальдармен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі