АҚДАЛАЛЫҚТАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

22aab38a-20f0-4ea9-928e-967db6e01968.jpg

  22aab38a-20f0-4ea9-928e-967db6e01968.jpgОсы аптада Ақдала ауылын-дағы саябақ құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл ажарын кіргізіп тұрған саябақтың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов қазіргі таңда өңірімізде халық игілігі үшін бірқатар іс-шаралардың жасалынып жатқанын және биылғы жылдың көктем айларында құрылыс  жұмыстары бастау алған саябақтың ашылғалы тұрғанын тілге тиек етіп, ақдалалықтарды қуаныштарымен құттықтап, саябақ құрылысын жүргізген «Азамат құрылыс» ЖШС-нің құрышқолды құрылысшылар-дың жұмысына өз ризашылығын білдірді.  

Сонымен қатар бұл жаңа демалыс орны ауыл тұрғындарына, оның ішінде  жасөспірімдерге арналып салынғанын айта келе, ақдалалықтардан сәні мен салтанаты жарасып тұрған саябақтың тазалығына мән беріп, оны күтіп ұстауға шақырды.

Келесі кезекте сөз алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев күні кеше ауыл ортасында ақ шаңы аспанға көтеріліп жататын ашық алаңның  бүгінгі таңда жасыл желекке айналған әдемі саябақ болғанына тамсанып, көрікті демалыс орынның ерекшеліктерін тілге тиек етті.

  e824e64d-2886-4683-ac52-9444c0c1f960.jpge824e64d-2886-4683-ac52-9444c0c1f960.jpge824e64d-2886-4683-ac52-9444c0c1f960.jpg

 Мұнан соң ауылдастарының қуанышына ортақтасқан ауылдық  кеңестің төрағасы Бекен Шыбықбаев ақ батасын берді.

  Жасыл желекке оранған сая-бақтың ашылу салтанатында Ақдала орта мектебінің оқу-шылары Мансұр Ерланбек пен Бейімбет Ертілеу «Мен қазақпын»  және Аяулым Ақылбек пен Іңкәр Бекболатқызы «Қазағым-ай» әндерін тамылжыта орындаса, ал 10 сынып оқушыларынан құралған  «Жорға» би тобының өнерпаздары «Қара жорға» биін нақышына келтіріп биледі.  Мәдени шараның көрігін онан әрмен қыздыра түскен оқушыларға жиналған көпшілік қошеметтерін еселей түсті.

  Мәдени шара соңында жаңа саябақтың лентасы кесіліп, ауыл аналары шашу шашып, жиналған көпшілік саябақ іші-не енді.

  Көркіне көз тоймайтын саябақ сәулеті-нің ерекшелігі ол жерде   38 шырша, 45 қарағай қылқан жапырақты ағаштар мен Аққайын, тал шыбықтар, жалпы саны 160 түп ағаш отырғызылған екен. Сондай-ақ 52 түңгі жарық болса, олар-дың әрқайысына 2 шамнан орнатылған. Түн мезгілінде саябақ ішінде жалпы саны 104 шамдар жарқырап тұр. Соныман қатар аумағы 0,85 шаршы метр жерді алып жатқан саябақ ішінде 8 бірдей демалыс үйшіктері жасалған және орнатылған 27 орындықтардың  21-де  арқа төсегіштері бар.

 Ауыл тұрғындарын қатты қуантқан негізгі мәселе саябақ ішін абаттандыруға арналған су құбыры ауыл тұрғындарына арналған ауыз су құбырына мүлдем тәуелді емес. Өйткені ол жерде екі бірдей электр қуатымен іске қосылатын су сорғыш  құрылғылары орнатылған. 

 Ауыл балаларының бос уақытын серуендеп өткізуге арналған демалыс орнында түрлі әткеншектер мен спорттық жаттығулар жасайтын дүниелер де баршылық. Үлкендердің де спортпен айналысуына керемет жағдайлар жасалынған.  

 Мемлекет тарапынан жасалынған демалыс орнына  ақда-лалықтар дән риза болды. Риза болмағанда ше? Өйткені бұл қуанышты ауыл тұрғындары көптен күткен болатын-ды.

Дана халқымызда «Ауылына қарап - азаматы таны!» деген қанатты сөз бар. Олай болса, ауылдың тазалығы, көркейіп-гүлденуі жолына бә-ріміз біркісідей атсалысып, әдемі демалыс  орынын күтіп ұстауымыз қажет.

                                                Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

                                                                                                                                            

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі