
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында су ресурстары және ирригация министрлігін құруды тапсырған болатын. Бұл өз уақытында қабылданған стратегиялық шешім екені ақиқат. Себебі, қазір әлемдік жаhандану өте жылдам және күрделі жағдайда дамып келеді. Сонымен қатар су ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалану мемлекетіміздің ұлттық экономика салаларын дамытудағы үлкен маңызды орынға ие болып отыр. Адам күнделікті тұрмыс - тіршілігінде су ресурстарын ауқымды түрде пайдаланылады.
Су - баға жетпес табиғат байлығы. Өйткені жер бетіндегі барлық тіршілік атауы суға тәуелді. Сусыз табиғат көріксіз, тіршіліктің де мәні болмайды.
Табиғат - тіршілік атаулы-ның түлеп - өсуіне қажетті. Ол жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз туған жер, Атамекен ұғымдарымен қатар тұрады. Ал табиғатты қорғау қарапайым дүниеден басталады деп ойлаймын. Адамзат тек экологиялық тазалықты сақтап, жер ресурстарын негізсіз құртпағанда ғана өркендей алады.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы табиғатқа жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы қы-рық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен.
Сондықтан табиғаттың көрікті болуы тікелей суға байланысты екенін әсте ұмытпайық. Ал су ресурсы еліміздің та-биғи байлығының ішінде аса маңызды орын алатыны жасырын емес. Қазіргі уақытта жаһандық тұщы су тапшылығы өскен сайын су ресурсының рөлі мен маңызы күннен-күнге артып келеді. Сарапшылардың зерттеу жұмыстары бойынша, алдағы жылдары су ең қымбат ресурстардың біріне айналады, ал ауызсумен қамтамасыз ету ең өзекті экологиялық мә-селелердің бірі болмақ. Елі-міздің су ресурсы – экономиканы одан әрі дамытудың іргелі элементтерінің бірі.
Иә, дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекерден - бекер айтпаған ғой. Шыныменде су ресурсы басқа да табиғи ресурстармен қатар, мемлекетіміздің материалдық негізін құрайды. Алайда та-биғи ресурсты дұрыс пайда-ланбаудың салдарынан су мәселесі қазіргі таңда шешімі күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан табиғи ресурстарды дұрыс пай-даланған абзал.
Еліміздің су ресурсының негізгі қоры жерүсті және жерасты су көздерінде шоғырланған. Суды ұтымды пайдалану - жай ғана жақсы әдет емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Оған әр азамат өз үлесін қоса алады: кранды уақытында жабу, судың шығынын бақылау, әр литрін үнемдеу. Бүгінде суды қаншалықты ұқыпты пайдалансақ, ертең мемлекетіміз соншалықты тұрақты әрі қуатты болады.
Өз тілшімізден.


