Қиындықтармен бірге күресуге шақырды

Айтжан ЕСІМОВ, ауданның Құрметті азаматы:

Қиындықтармен бірге 

күресуге шақырды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты Үндеуін жариялады. Осындай елімізде болып жатқан күрделі де қиын кезеңдерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті үнемі халықпен ой бөлісіп, қолдау білдіріп, ұлтымыздың саулылығы сынға түскенде халқымызды  сабырға шақырды. 

Сонымен қоса, Нұрсұлтан Назарбаев өз Үндеуінде Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекетіміздің көп қиындықтарды еңсергенін, қазіргі қиын кезеңде коронавирус індетін жеңіп шығу үшін бізде қажетті қаржы-қаражаттың, материалдық ресурс техника, азық-түлік қоры да жеткілікті болғандықтан, абыржитын еш негіз жоқтығын айтты. Ата заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы–адам және оның өмірі» деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айырықша көңіл бөлінуде. 

Осы орайда, Елбасы Төтенше жағдай кезінде көмекке аса мұқтаж қарияларға, ардагерлерімізге, көпбалалы аналар мен әл-ауқаты төмен отбасыларға баса мән беріп,  жұмысқа жарамсыз жандарды  қомқорлыққа алу керектігін де атап өтті. Осындай сын сағатта септігін тигізетін  халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі болып тұр. Осы айтылған жайттарды ескеріп, сабыр сақтап, бір-бірімізге қолдау көрсеткенде ғана біз кез-келген қиындықты еңсереміз. 

Біз біргеміз!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыру үшін шаралар жасауда
  • Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз етуде
  • Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылық
  • Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады
  • Бұл таза және сау ортаны құруға бағытталған саналы қадам