
Ақдала жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасы «Кітап оқуға бірге қадам басайық!» атты бейнешолу ұйымдастырды.
Мақсаты: «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау арқылы оқушыларды кітап оқуға баулу, ұстаздар мен кітапханашының бірлескен жұмысы арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту және кітап оқу мәдениетін дамыту.
Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы. Кітап оқу арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры молаяды, ойлау қабілеті артады. Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру – жас ұрпақтың рухани әрі зияткерлік дамуына жол ашатын маңызды қадам.


