
2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында Балқаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау.
Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда құқықтық тәртіпті нығайту бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.


