«Келесі мәселе. Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет.

image.png

Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі.

 

Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді.

 

Келесі жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады.

 

Тамыз айында «Арал – Каспий» күре жолының құрылысы басталды. Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады.

 

Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президенттің бүгінгі жариялаған Жолдауында
  • ️Президент:
  • Ханзада Уильям британдық шоуда Қазақстанды мақтады
  • Казахстанских сайгаков показали на британском шоу
  • ️Президент: