РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ

image.png

Ақсақал ретінде айтарым – бірлік пен ынтымақ бар жерде ғана береке болады. Референдумға қатысу – әр азаматтың азаматтық борышы. Біз болашақ ұрпаққа тұрақты, дамыған мемлекет қалдыру үшін осындай маңызды сәттерде белсенділік танытуымыз қажет.

Ел тағдырына бейжай қарамай, ортақ іске атсалысу – әрқайсымыздың парызымыз. Сондықтан барша жұртты референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Өйткені халықтың таңдауы – ел болашағының кепілі.

Бүгінде ауыл тұрғындары елдегі өзгерістерге бейжай қарамайды. Жастар да, үлкендер де қоғамдағы маңызды мәселелерге өз көзқарасын білдіруге дайын. Бұл – халықтың саяси белсенділігінің артқанын көрсетеді. Әсіресе жастардың ел болашағына жауапкершілікпен қарауы көңіл қуантады.

           Микоян КҮШӘЛИЕВ, ауданның Құрметті азаматы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите