ӘР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ

2.png

Ертеңгі ұрпақ бейбіт, әділетті, тұрақты қоғамда өмір сүрсе дейміз. Сондықтан ел дамуына бағытталған бастамаларды қолдау – біздің аналық парызымыз. Референдумға қатысу арқылы біз тек бүгінгі күн үшін емес, келешек үшін де дауыс береміз.

Отбасындағы тәрбие – қоғамның айнасы. Егер әр ана баласына елін сүюді, жауапкершілікті, бірлікті үйретсе, мемлекетіміздің іргесі де берік болмақ. Халықтың ынтымағы мен татулығы – ең үлкен байлық.

Қорытындылай келе, аналар қауымы ел болашағына бейжай қарамайды. Біз үшін әрбір шешім – балаларымыздың тағдырымен тығыз байланысты. Сондықтан референдум – тек саяси шара емес, ол – ұрпақ алдындағы аманат.

 

               Ғалия ӘЛІПБАЕВА, аудандық аналар кеңесінің төрайымы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қапшағай су қоймасы балық шабақтарымен толықтырылды
  • Хабарландыру!
  • Обьявление!
  • Хабарландыру!
  • Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары суармалы жерлердің 36%-ын қамтиды