БІЗДІҢ ДАУЫС – БІЗДІҢ БОЛАШАҚ

image.png

Қазіргі уақытта жастардың саяси сауаттылығы артып келеді. Әлеуметтік желілер мен түрлі ақпарат көздері арқылы олар қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап, өз пікірлерін ашық білдіруде. Бұл – белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі. Референдумға қатысу арқылы жастар заңнамалық өзгерістерге, реформаларға өз көзқарасын білдіреді.

Сонымен қатар, референдум – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі. Ортақ шешім қабылдау халықты біріктіреді. Жастардың бұл үдеріске атсалысуы елдің дамуына серпін береді.

Қорытындылай келе, референдум – әр азаматтың дауысы естілетін маңызды саяси қадам. Жастар үшін бұл – өз болашағына жауапкершілікпен қараудың айқын белгісі. Белсенділік пен саналы таңдау ғана мемлекеттің жарқын келешегін қалыптастырады.

 

                                            Аида Мәуленқызы, дәрігер.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция – ел жаңғыруының негізі
  • Жолдау – жарқын болашаққа бастар жол
  • ХОРЕОГРАФИЯ САБАҒЫ – «БАЛАПАН» ТОБЫ
  • ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
  • «АЛТЫН САҚА» БАЙҚАУЫНДАҒЫ ЖЕҢІС!