Референдум – халық денсаулығы мен ел болашағы үшін маңызды қадам

Айда Мәуленқызы.JPG

   Мен, дәрігер ретінде, референдумды тек саяси науқан емес, елдің тұрақтылығы мен қоғамның әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды шешім деп қабылдаймын. Өйткені мемлекеттегі кез келген өзгеріс, ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайына, денсаулық сақтау жүйесіне ықпал етеді.

      Қазақстан – болашағын айқындайтын маңызды кезеңдерден өтіп келе жатқан мемлекет. Осындай сәттерде халықтың өз таңдауын жасап, ортақ іске атсалысуы аса қажет. Референдум – әр азаматтың пікірін білдіруге берілген заңды мүмкіндік.

     Референдумға қатысу – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әрбір саналы азамат ел тағдырына бейжай қарамай, өз дауысын беруі тиіс. Бұл – тек құқық емес, бұл – ортақ болашағымыз үшін жасалатын маңызды қадам.

    Референдум – халықтың үні естілетін, демократиялық қоғамның айқын көрінісі. Біз бірлесе әрекет еткенде ғана дені сау, қуатты, өркендеген мемлекет құра аламыз.

Айда МӘУЛЕНҚЫЗЫ, терепевт дәрігері.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите