Референдум – елдік шешім

   download.jpg

     Мен ауылдың үлкені, талай заманды көрген ақсақал ретінде айтарым – референдум ел тағдырын айқындайтын маңызды қадам. Бұрыннан қазақ халқы ақылдасып, кеңесіп шешім қабылдаған. Хан сайласа да, дау шешсе де, көптің пікіріне жүгінген. Бүгінгі референдум – сол бабалар дәстүрінің жалғасы.

    Референдум – әр азаматтың дауысы естілетін мүмкіндік. Бұл – жай ғана саяси науқан емес, ел болашағына деген жауапкершілік. Біз бірлігімізді сақтап, ынтымағымызды арттырсақ қана мемлекетіміз мықты болады.

      Жастарға айтарым – елдің ертеңі сендердің қолдарыңда. Ата-баба аманатына адал болып, саналы шешім қабылдау – парыз. Тәуелсіздігімізді қадірлеп, мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық.

      Референдум – елдік пен ерліктің, татулық пен тұтастықтың сыналар сәті. Халық болып ақылмен шешім қабылдайық.

Бекен ШЫБЫҚБАЕВ, ауданның Құрметті азаматы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите