ТЕАТРДА ШЫҢДАЛҒАН ТАЛАНТ ИЕСІ

e2d39920-1cbb-4127-b7fe-199857506f52.jpg

    Адамзат баласы жер бетіне пайда болғанда өнерде бірге дамып, сан ғасырлық тарихымен өз жанрларын жетілдіріп келеді. Иә, өнердің дамуы тікелей қоғамда болып жатқан құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетіліп отырады. Ол әрдайым шығармашылық табыстарымен бағаланады. Ал өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды үнемі сұлулықты дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастыра береді.

Қазақ халқының ұлттық өнер түрлері де ерте кезде-ақ пайда болып, қазіргі  таңда адамның жан азығы мен рухани байлығына айналды.

Дана халқымызда «Өнерліге - өріс кең» - деген қанатты сөз бар. Осы бір әдемі сөз тіркесі өнер сахналарында өзіндік орны бар, бәріміздің мақтан тұтар жерлесіміз Нұрәділ Алияр Нұрланбекұлына арналып айтылғандай болып тұрады. Өйткені оның өнер сахнасына сіңірген еңбектері ұшан- теңіз.

Жас болсада өнер жолында биік белестерді бағындыра білген әңгіме кейіпкері  - 1998 жылы Береке ауылында дүниеге келген. Туған жерінде асыр салып, емін-еркін ержеткен ол 2016 жылы Береке орта мектебінен түлеп ұшты.

   Өнерге жастайынан талпынған Алияр Нұрланбекұлы мектеп қабырғасында оқып жүрген шағында мектепішілік мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, өзінің сан қырлы өнерін көрсете білді. Аудандық «Жайдарман» ойындарына қа-тысып, үш дүркін жеңімпаз атанып, облыстық сайыстарда өңіріміздегі «Жайдарманшы» (КВН) жастарының көш-басшысы болады.

  Сондай-ақ «Өнерлі ауыл сайысы» байқауларында бір-неше мәрте белестерді бағындырып, өзінің актерлік ше-берлігін көрсетіп, облыстық және аймақтық байқауларға қатысып, аудан әкімінің Құрмет грамоталармен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл жас өнерпаздың өнер өрісіне жасаған алғашқы қадамдары еді. 

   Мектеп табалдырығынан түлеп ұшқан жас өнерпаз  2016 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және Цирк колледжіне оқуға түсіп, аталмыш білім шаңырағын қуыршақ және драма театр артисі мамандығы бойынша тәмәмдады. Сонымен қатар  2019 жылы Қазақстан Рес-публикасының еңбек сіңірген қайраткері М.Өтебаеваның жас өнерпаздарды дайындайтын шебер сыныбынан дәріс алды. 

  Таудай талабын тасқын бұлақтай сарқыратқан әңгіме кейіпкері 2019 жылы 90 жылдық тарихы бар Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының актері болып, өзінің еңбек жолын бастаған.

  Өнері мен өмірін ұштастырып қуыршақ жанрына қатысты әртүрлі жанрларда үздік жұмыс жасап, шеберлігін үйлестіріп, кішкентай көрермендердің назарын өзіне аударды. Театр қойылымының қай жанрда болмасын  өзіндік  қолтаңбасымен ерекшеленеді һәм сомдаған бейнелерінің  бояуын қанық етіп көрсете біледі.

    Бүгінгі таңда өнерлі жерлесі-міздің  театр сахнасында ерекше орны бар. Ол өзінің репертуарындағы 20 –дан аса ертегі және драмалық қойылымдарда әртүрлі рөлдерді сомдап, көрер-мендердің сүйікті актері болып жүрген жайы бар.

  Біздің мақта-нышымызға айналған жас өнерпаз 2023 жылы режиссерлікке қадам басып, «Анасын іздеген мамонт» қойылымын сахналап өзінің ұстаздары мен әріптестерінің алғысына бөленді.

  Ал Алиярдың осы уақытқа дейін театр сахнасында клас-сикалық және драмалық  қойылымдарда сомдаған рөлдері жайында кеңінен тарқатар болсақ, ол «Арыс-тан үрейін қалай емдейміз?»  қойылымында Шаман мен Арыстанның рөлін сомдады. Сонымен қатар «Мен бір жұмбақ адаммын… Абай» – Құс, халық, «Күлше қыз» – Ханзада, «Үйшік» – Қасқыр, Әтеш, «Ер Төстік» –Ертөстік,  Саққұлақ, Таусоғар, «Тоба» – Немере, «Өмір-Өзен» – Көпшілік сахна. «Бауырсақ» - Аю, қасқыр, «Буратино», «Қызыл телпек», «Алтын балапан», «Көңілді қонжықтар», «Түйме қыз», «Алтын адам», «Медея»-министр, «Макбет» - Малкольм, «Бекзат чемпион» - Хуарестің кейіпкерлері, «Ұр, тоқпақ» - Шал, Н.Гоголь «Шекпен» - директор, «Қар ханшайымы»-Ханзада, «Етік киген мысық» - мысық,  «Орман ғажайыптары» - бала,  «Ортеке» - сал-сері, Жошы хан, «Мен кіммін» - адам тағы басқа қойылымдарда өзіне лайықты кейіпкерлерді сомдап шықты. Ол сахнада қандай образды сомдаса да кейіпкердің жан-дүниесін түсініп, шынайы сүйіспеншілікпен бар өнерін салып ойнайды. 

  Оның ерекше қасиеті жаңа қойылымдар барысында өз пікірін режиссерға ашық айтып, әрқашанда ұсынысын ортаға салып, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды.    

   Өнер жолын ерекше құрметтеген жерлесіміз 2025 жылы «Малайзия» елінің Куала Лумпур қаласына және Мәскеу қаласындағы С.Образцов атындағы қуыршақ театрына барып, өзінің режиссерлік біліктілігін арттырып қайтты.

Сондай – ақ 2022 жылы Көкшетау қаласында өткізілген   4-ші Халықаралық "ТеART-Көкше" театр фестивалінде және  2023 жылы Ресей Федерациясы Рязань қаласында өткен ХІХ Халықаралық «Рязань көрсетілімдері» қуыршақ театрлар фестиваліне «Шал мен теңіз» (реж: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып, өзін тағы бір биік белестен көрсете білді. Ал 2023 жылы Петропавл қаласында өткен Т.Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қаз-ақстан драма театрларының ХХІХ Республикалық фес-тиваліне  «Шал мен теңіз» (реж.: Д.Жұмабаева) спектаклімен қатысып,  арнайы дипломға ие болса, 2024 жылы Бурса, Түркия мемлекетінде «Қуыршақ думан» спектаклімен  фестивальге және Грузияда өткен ІІ Batumi International Puppet Theatre Festival халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне, Гру-зияның бес қаласын Батуми, Боржоми, Ахалцихе, Кутаиси, Тбилисиде өткен халықаралық гастрольде «Макбет Иллюзия» қойылымдарына қатысты. Сонымен қатар Республикалық Астана, Қарағанды, Петропавл, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған қалаларында ұйымдастырылған театр фестивальдеріне қатысып,  өз өнерін көрсетті.

  Өнер әлемінде құлаштай қанат қаққан өнерпаздың өнер жолына қосқан еселі еңбектері ескерусіз қалмады десек те болады. Ол жақында республикалық «АМАNAТ» партиясының, Алматы қаласының әкімінің және Алматы қалалық мәдениет басқармасының, сонымен қатар Медеу ауданы әкімінің, Алматы қалалық мәслихат хатшысының, Қазақстан театр қайраткерлері Одағының басшысы Т. Жаманқұловтың Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталса, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кә-сіптік одағының төрайымы С. Иманқұлованың «Еңбек даңқы» төсбелгісі табысталды.

  2025 жылды толағай же-тістіктермен аяқтаған жерлесіміз жоғарыда аталған мара-паттарға әбден лайықты. Оның сонау бала күнінде өнер жолына жасаған қадамы оңға басып уақыт өткен сайын өрге өрлеп, жемісін көріп келеді.

Көрнекті жазушы Ғ. Мүсірепов өз заманында «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп айтқан екен. Шыныменде мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елестету әсте мүмкін емес. Ал «театр – тәрбие бесігі» - десек біздің мақтанышымызға айналған Алиярдың өнер жолын таңдап,  театр бесігінде тербеліп, биікке қанат қағып, сол биікте самғап ұшқаны шыныменда  мақтанарлық іс. Мұндай же-тістікке аз уақыттың ішінде кез-келген өнерпаз қол жеткізе алмайды.

 «Өнер  – адамның рухани азығы» демекші, шын дарынды адам өнер жолында өз орнын таба алады. Күш-жігер, ақыл мен қайрат – бұлар өнердегі шыдамдылыққа жетелейтін асыл қасиеттер. Өнер сахнасынан өзіндік орын тапқан бауырымыздың бойында өнер адамына тән асыл қасиеттердің бәрі бар. Ол ауылдың кешегі қарапайым қарадомалақ баласы болса, ал бүгін өнер әлемінде қанатын кең сермеген нағыз өнер қыраны.

Өнер жолында жүрген жерлесіміздің болашағы жарқын болып, маңдай бағы жарқырай беруіне тілектес болайық, ағайын!

                               Бақтығали ДӘУІТБАЙ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МАЛ ҚЫСТАТУ - ЖАУАПТЫ НАУҚАН
  • ТЕАТРДА ШЫҢДАЛҒАН ТАЛАНТ ИЕСІ
  • ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
  • Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқы
  • Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институто