Өндіріс - өңір дамуының өзегі

f2ea47a9-8698-432e-8b03-fb9dda600c76.jpeg

Өндіріс – өңір дамуының өзегі: Алматы облысында екі ірі зауыт салынуда

Агроөнеркәсіп саласы – Алматы облысының экономикалық дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Осыған орай Кеген ауданында екі жаңа нысан – қой жүнін терең өңдейтін комбинат және сиыр сүтін өңдейтін зауыт құрылысы жүріп жатыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«MERGEN HOLDING» ЖШС іске асырып жатқан жүн өңдеу комбинатының аумағы – 2 мың шаршы метр. Инвестициялық құны – 1,2 млрд теңге. Жылына 2 мың тоннадан астам қой жүнін өңдеуге қуаты жетеді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын қоршау және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Қажетті жабдықтарды орнату үшін мердігерлермен келіссөздер жасалуда. Тазартылып, өңделген қой жүнінен көрпе, текемет және басқа да тұрмыстық бұйымдар өндіріліп, ішкі нарыққа шығарылады. Бір бөлігі шетелге экспортталмақ.

Ал сүт зауытының құрылысын «Kegen milk» ЖШС жүргізіп жатыр. Онда тәулігіне 30 тоннаға дейін сиыр сүті өңделіп, май, қаймақ, құрт, ірімшік және басқа да сүт өнімдері дайындалады.

Алдағы уақытта ірі қара терісін өңдейтін комбинаттың да құрылысы қарқын алмақ. Онда былғарыдан аяқ киім, күртеше және басқа да тері бұйымдары өндірілетін болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите