Алматы облысында қысқы жол дайындығы сын көтермейді

cd3d4d66-ec6f-4528-8be5-e8fca4911366.jpg

    Өңірде қысқы жол қауіпсіздігі мәселесі «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінде талқыланды. Жиында жауапты мекемелердің есебі тыңдалып, бірқатар аудандардың қысқа талапқа сай дайын емес екені анықталды.

    Биыл облыстық жолдарды күтіп-ұстауға 3,8 млрд теңге бөлінгенімен, полиция тексерісі техника мен материалдың жетіспейтінін көрсетті. Республикалық жолдарда қажет 111 құм-тұз себетін техниканың орнына небәрі 40-ы ғана бар.

    Райымбек ауданында қойма да, техника да жоқ. Жамбыл ауданында 581 шақырым жолға небәрі 5 техника бөлінген.

    Кеңес қорытындысында кемшіліктерді жедел жою, техниканы толықтыру және жол қауіпсіздігін күшейту тапсырылды. «AMANAT» партиясы бұл мәселені тұрақты қоғамдық бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қонаевта Мансап орталығының қызметіне 3 мыңға жуық адам жүгінген
  • Қонаевта Мансап орталығының қызметіне 3 мыңға жуық адам жүгінген
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане построят четыре новых фармзавода
  • Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
  • в Казахстане построят четыре новых фармзавода