ҰЛЫ ТҰЛҒА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

2b8f48f1-6e62-46e8-84da-082d20667f61.jpg

21 тамыз  - Мемлекет және қоғам қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бұл дүниеден фәни жалғанға қайтқан күні. Орны толмас ауыр қазаны бастан өткерген қазақ халқы жыл сайын ұлы тұлғаны еске алып, марқұмның әруағына тағзым жасайды.

Бұл игі бастама Д.Қонаевтың атажұрты Балқаш ауданында жыл сайын жоғары денгейде ұйымдастырылатын дәстүрлі іс – шаралардың бірі болғандықтан, биыл да өз жалғасын тапты.

  Осы аптаның бейсенбісі күні Ұлы тұлғаны еске алу мақсатында аудан жұртшылығы Бақанас ауылына кіреберісте орналасқан Д.Қонаев саябағы-ның алдына жиналды. 

  Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асқар Кәдірұлы бастаған аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекеме – ұйымдардың басшылары, аудандық «Д. Қонаев» қорының және аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

   «Елу жыл ел ағасы» атанған ұлы тұлғаны еске алуға ар-налған іс – шара барысында аталмыш саябақ төрінде тұрған Д.Қонаевтың тұғырлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әруағына тағзым жасап, жиналған көпшілік ескерткіш алдында естелік суреттерге түсті.

   Мұнан соң жиналған көп-шілік аудан әкімдігінің ауласында орналасқан Д.Қонаевтың ескерткішіне келіп, бұл жерде де гүл шоқтары қойылып, әдеттегідей естелік суреттерге түсті.

  Осылайша Алаштың ардақ-тысы, қазақ халқының біртуар перзенті болған, өз дәуірінің кеменгері, дана халықтың дара перзентін еске алып, елу жыл Елағасы атанған ұлы тұлғаның есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған іс – шара осылайша өрбіді.

  Кие қонып, бақ дарыған қасиетті Балқаш тарихында дара тұлға, халқымыздың Ұлы перзенті Дінмұхамед Ахметұлының есімі алтын әріптермен жазылғаны ақиқат.

   Өйткені Димекең көзі тірісінде еңбекқорлық пен адалдықтың символын көрсетіп, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі, Балқаш өңірі-не, оның ішінде «Ақдала алқа-бының» игерілуіне сіңірген еңбегі орасан зор. Тіршілігінде – ақ әулие атанған Димекеңнің Атамекеніне сіңірген еңбегі өлшеусіз.

     Димекеңнің ел-жұртына сіңірген еселі еңбектерін бүгінгі жастарға насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізу - ол кісінің көзін көрген қариялардың өтелмес парызы деп білеміз.

          Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».  

 

 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында ҚР Президентінің тапсырмасы аясында 76 мыңнан астам ағаш отырғызылды
  • В Алматинской области высажено свыше 76 тысяч деревьев в рамках поручения Президента РК
  • Алматы облысында аманаттықтар 2500 оқушыны мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті
  • В Алматинской области аманатовцы обеспечили 2500 школьников необходимыми принадлежностями
  • АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛІ