«Ауыл Аманаты»: ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған кешенді шаралар

fcde6565-9d35-4cd4-908a-ffc425404162.jpg

    2023 жылдан бастап «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Алматы облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Осы кезеңде жалпы сомасы 10,76 млрд теңгені құрайтын үш  шарт жасалды. Бұл туралы  «Қонаев»  ӘКК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Диас Шаяхметов баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. 

    Ауыл шаруашылығы кешені саласындағы кредиттік бағдарлама 2023 жылдан жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы  15,0 млрд теңге бөлініп, 13 несие берілсе,  2024 жылы 5,0 млрд теңге бөлініп, 2 несие берілген.   Ал биылғы жылы  8,0 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс. 

    « 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 2024 жылы бөлінген қаражат есебінен екі жоба қаржыландырылды. Атап айтар болсақ, 301,6 млн теңгеге 5 018 бас асыл тұқымды ұсақ мүйізді мал және 4 698,4 млн теңгеге 6 189 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды»,- деп айтты спикер. 

    «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ   арқылы 2025 жылдың сәуір айынан бастап іске қосылған «Кен Дала-2» бағдарламасы шеңберінде жұмыстар атқарылуда.  Аталмыш бағдарлама аясында, көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарына арналған айналым қаражатын толықтыру мақсатында 2,0 млрд теңге бөлінген. Бүгінде 6 жоба қаржыландырылып, жалпы 11 588 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары себілді. 2025 жылғы 29 шілдеде қосымша 1,0 млрд теңге тартылып, 594,9 млн теңге сомасына 2 несие берілген.

    «Алматы облысында өсімдік шаруашылығын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған жоспары 2023 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Қоғамның жарғылық капиталын арттыру арқылы 3,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, су үнемдеу технологияларын  енгізу арқылы егістік жерлердің көлемін ұлғайтуға және инвестициялық жобаларды арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда 10 серіктеспен бірлескен қызмет туралы шарт жасалып, қаражат толық игерілді»,-деп толықтырды Диас Шаяхметов.

    Айта кету керек,  2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қосымша 1 серіктеспен жаңбырлатқыш техника сатып алуға 204,7 млн теңгеге келісім жасалып, 120 гектар алқапты суару қамтамасыз етілді.

2025 жылдың екінші жартыжылдығында республикалық бюджеттен «Ауыл Аманаты» бағдарламасына – 2,5 млрд теңге, ауыл шаруашылығы кешенін кредиттеу бағдарламасына – 8,0 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында мобильдік медициналық топ шалғай ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде
  • В Алматинской области мобильная медицинская группа оказывает помощь жителям отдалённых сёл
  • 2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды
  • 2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады