Арада қаншама жылдар өтсе де құрыш қолды құрылысшының қолтаңбасы қалаған ғимараттар сол өңірдің өмірінен қашан да сыр шертіп тұрады. Құрылысшы болу кез – келген адамның қолынан келе бермейтін күрделі мамандық. Өйткені құрылысшы мамандығы еңбексүйгіштікпен қатар өнер мен білім, талант пен талғам тоғысқан үлкен шыдамдылықты қажет етеді.
Қасиетті Балқаш жерінде адал еңбек-пен несібесін тауып, көкпен таласқан ғимараттарға қолтаңбасын қалдырып жүр-ген құрылысшылар баршылық.
Осындай адал еңбегімен ел –жұртқа «Күмбезші» деген атпен танылған азамат-тың бірі - Бақанас ауылының тұрғыны Дүйсен Шайсұлтанұлы. Ол 1966 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген. 1973 жылы мектеп табалдырығын аттап, 8 сыныптан кейін аудан орталығындағы №10 кәсіптік техникалық училищесіне оқуға қабылданған. Аталмыш оқу орынын 1984 жылы кең көлемді профелді тракторшы- машиналы мамандығы бойынша тәмәмдаған. Ал 1984 – 1986 жылдар аралығында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген. Әскерден келгеннен кейін Бояулы ауылындағы мал бордақылау кешеніне механизатор мамандығы бойынша өзінің еңбек жолын бастаған.
Әңгіме кейіпкері 1998 жылға дейін Бояулы, Ақдала ауылдарында өзінің маман-дығы бойынша әртүрлі жұмыстар жасаған. Кейінгі жылдары құрылыс саласына ауысып, заман ағымымен қатарласа жүріп бұл мамандықты жетік меңгерді.
Өмір арнасына айырықша жолын салған Дүйсен аға құрылыс саласының қыр – сырын жетік меңгеріп, кірпіш қалаудың хас шеберіне айналды.
Еліне қадірлі «Еңбек адамы» 1985 жылы Гүлнар Секербайқызымен шаңырақ көтеріп, 1 қыз, 2 ұлдың әкесі атанған.
Білікті құрылысшы өзіне өмір үйреткен мамандықты бірге туған бауырлары Асқар мен Азаматқа, ұлдары Сапар мен Наурыз – Мейрамға және бірқатар аудан жастарына үйретті. Қазіргі таңда атақты күмбезшіден тәлім алған жастар еліміздің түпкір – түпкірінде құрылыс мекемелерінде елге адал еңбек сіңіріп, несібесін тауып жүр.
Жұмысшы мамандық иесі ол нағыз ел көшін алға сүйрейтін еңбек адамдары. Жұмысшы мамандықтар – тек ауыр еңбек емес, ол шығармашылық, жаңашылдық және даму мүмкіндігі мол сала. Әсіресе құрылыс салалары тұрақты табыс көзі һәм еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосушылар.
Өз тілшімізден.