Алматы облысында мобильдік медициналық топ жұмысын бастады

eb66e1c9-cbd7-46a2-932f-78235340de56.jpg

    «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы негізінде  білікті мамандар, Алматы облысының шалғай елді мекендеріне арнайы барып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында аймақтың бас дәрігері Ержан Сүлейменов мәлімдеді. 

    Бірегей іс-шара тамыз айының  11-ші жұлдызынан бастау алды. Облыстағы үздік  25 маман, алыс жатқан аудандарға барып, тоғыз түрлі бағытта тұрғындарға көмек көрсететін болады. 

    «Бұл шара бір айға жалғасады. Осы уақыт аралығында Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандары қамтылады. Біздің дәрігерлер тек кеңес беріп ғана қоймай, тиіс деп танылса, ота да жасайды. Осылайша, ауылдық медицинаның жетілуіне серпін бермекпіз»,- деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасыныың басшысы Ержан Сүлейменов. 

Науқан бір реттік емес. Әр үш ай сайын қайталанып отырады. Сәйкесінше, облыстауғы барлық аудан қамтылмақ.  

    Айта кетейік, мобильдік топтың құрамына кірген ақ халаттылар биылғы жылдың маусым-шілде айларында  біліктіліктерін  арттыру үшін Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының клиникалық базаларында оқудан өтіп келген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында мобильдік медициналық топ шалғай ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде
  • В Алматинской области мобильная медицинская группа оказывает помощь жителям отдалённых сёл
  • 2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды
  • 2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады