ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

daccdbca-74f5-4365-82f3-2167b876ae3c.jpg

Жұмысшы мамандықтары қай салада да болсын өздерінің тынымсыз еңбектерімен ел аузына ілігеді. Олардың жүріп өткен жолдары жерлестерінің көз алдында. Көп жылғы маңдай терін төккен  еңбектері мемлекет тарапынан лайықты бағасын алғанына талай мәрте куә болып жүрміз. Еңбек адамының қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны баршамызға аян.

Өзінің еңбек жолын жұмысшы мамандықтан бастап, сол мекемеде әртүрлі салаларды жетік меңгеріп, ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген жандарды нағыз өз ісінің хас шебері деп айтуға болады.

Осындай білікті маманның бірі, аудандық пошта торабында қырық жылға   жуық еңбек етіп жүрген Ләззат Сейілханқызы десек ақиқаттан алшақ кетпейміз.

Бүгінгі әңгіме кейіпкері 1986 жылы Алматы қаласындағы Связь училищесінде оқып, 1987 жылы Балқаш ауданының Қазпошта торабында сұрыптау бөлімінде өзінің алғашқы еңбек жолын бастаған. Ал 1987 - 2009 жылдар аралығында  аталмыш мекемеде оператор болса, 2009 жылы  орталық операциялау учаскесінің менгерушісі  қызметіне ауысып, бүгінде сол қызметті абыройлы атқарып келеді.

Еңбек десе ерінбейтін Ләззат Сейілханқызы 2024 жылы «Қазақстан пошта  байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің медальімен марапатталған.

Білікті маманның әрбір атқарған жұмысына дән риза болған әріптестері әңгіме кейіпкерін құрмет тұтады. Әсіресе  жас мамандар білікті маманнан тәжірбие алуға қашанда құлшыныс танытып, оның білімділігіне тәнті болатын тұстары да аз емес. «Еңбек бәрін жеңбек» демекші, әрдайым еңбегіңіз елене берсін!

                                                          Өз тілшімізден.

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • День металлурга в Казахстане — 20 июля
  • Алматы облысында балабақшаларға ваучерлік жүйе енгізілді
  • 2025 жылы мал шаруашылығын субсидиялау жүйесі жаңаша форматта іске асырылады
  • БҰЛ ЖЫЛ ЖАСТАРҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРУДЕ
  • ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ