Өз мамандығын сүйген адам халқына адал қызмет көрсете алады. Ел мүддесі үшін адал қызмет көрсетіп, аграрлы ауданымыздың экономикасының артуына сүбелі үлестерін қосып жүрген азаматтар өңіріміздің мақтанышы.
Ал жұмысшы мамандық иелерінің мәртебесін көтеру – қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, олардың кәсіби біліктілігін шыңдау бүгінгі күннің басты талабы.
Сонымен қатар жұмысшы мамандық иелерінің атқарған істері жоғары бағалау оларға көрсетілген құрметтің бір апарсы.
Аграрлы ауданымыздағы егін шаруашылығының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген жандар механизаторлар. Олай дейтініміз механизаторлар егіс алқапта атқарылатын барлық жұмыстың сапалы әрі жедел аяқтаруы үшін бар күш – жігерлерін салып, таңың атқанынан, кештің батқанына дейін дала төсінде жұмыс жасайды.
Бүгінгі әңгіме кейіпкері де жас болса да өзінің біліктілігін көрсетіп, дала төсінде жұмыс жасап жүрген азаматтың бірі Дидар Құлсейітов. Ол Ақдала ауылына қарасты «Бауыржан -7» жауапкершілігі шектеулі серіктесінде механизатор болып жұмыс жасайды.
Дидар Құлсейітов бүгінгі таңда аталмыш шаруашылықта шөп тиейтін құрылғы орнатылған «МТЗ-80» тракторды тізгіндеп, қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын жүйелі атқарып жүр.
Бала жасынан егіс алқапта еңбек етуге бел буған Дидардың өзінен кейінгі жастарға үлгі тұтар қасиеттері жетерлік. Барлық жұмысқа төзімділікпен қараған механизатор әр көктемді сағына күтеді. Өйткені бұл кезеңдерде егіс алқапта қызу еңбек басталады. Ал жаз айлары диханшылар үшін тынымсыз еңбек ететін мезгіл. Қоңыр күз келгенше Дидар сынды механизаторлар үшін егіс алқапта атқаратын жұмыс жетерлік. Егін егумен айналысатын шаруашылықтарда үнемі механизатор болып жұмыс жасаудың қыр – сырын меңгерген әңгіме кейіпкері өзінің жұмысына қашанда тиянақты екен.
Тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеп, экономикасының арттыру үшін жұмысшы мамандығының беделін көтеру керек. Ең алдымен мектептерде кәсіптік бағыт-бағдар беру жүйесін жетілдіріп, техникалық колледждер мен оқу орындарын жаңа технологиямен жабдықтау арқылы біз еңбек адамын қадірлейтін, шын мәнінде дамыған қоғам құра аламыз.
Жұмысшы мамандық иелеріне қашанда құрметпен қарағанымыз абзал. Себебі жұмысшы мамандық иелері адал еңбектің, маңдай термен тапқан нанның қадірін біледі.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ