Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.Осыған орай еліміздің түпкір – түпкірінде жұмысшы мамандық иелеріне құрмет көрсету мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осындай игі шараның бі-рі ретінде - Астана қаласында Ұлы Жеңістің – 80 жылдығына орай "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми - зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» Республикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абырой» ұлттық сыйлығы атты республикалық патриоттық байқауды ерекше атап өтуге болады.
Аталмыш республикалық байқауға Бақанас мектеп-интер-натының кітапхана меңгерушісі Жанна Нахақызы қатысып, өзі-нің шеберлігін әрі жан – жақты іскерлігін көрсете білген жерлесіміз марапатпен оралып, аудан абыройын Елорда төрінде асқақтатты.
Республикалық байқауда бақ сынаған жерлесіміз Жанна Нахақызы Мемлекет басшысының «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» атты мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында өткен конференция жұмыстарының 2-кезеңі бойынша сүрінбей өткен. Сөйтіп Астана қаласына үздіктерді марапаттау рәсіміне жолдама алып, "Абырой" ұлттық сыйлығы төсбел-гісімен және І-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ал мектеп кітапханашысына қолдау көрсетіп, байқауға қатысуға ықпал жасаған Бақанас мектеп-интернатының директоры Гүлнара Серікқазықызы да Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл марапат аудандық білім саласы үшін үлкен мәртебе болса, аудан тұрғындары үшін қуанарлық жайдарман жаңалық деп білеміз.
Өзінің жан – жақты білімділігін осындай дүбірлі байқауда көрсетіп, кеңге құлаш сермеген жерлесімізді құттықтап, әрдайым шығармашылық табыс, отбасына амандық, дені-не саулық, алдағы уақытта да биіктен көріне беруіне тілектес болайық, ағайын!
Өз тілшімізден.