Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға арналған білім беру жүйесін дамытуға, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Осы жылы жұмысшы мамандықтарына ерекше назар аударылып, жастарды осы салаға тарту және еңбек дағдыларын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланатын болады.
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған шаралар өткізілді. 2025 жылдың маусым айында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Жұмысшы мамандығы: өмірлік таңдау және жауапкершілік» атты кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын арттыру, студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беру, еңбек жолында жетістікке жеткен түлектермен кездесуге мүмкіндік жасап, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат ұсыну арқылы жастардың болашаққа деген сенімін нығайту көзделді.
Кездесуге “AMANAT” партиясы Балқаш аудандық филиа-лының төрағасы Ноғайбай Марат Нұраұлы, колледждің ардагер ұстазы Берсүгірова Қуанкүл Қыдырбайқызы, кол-леджіміздің алғашқы түлегі Балқаш аудандық мәслихатының төрағасы Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы, сондай-ақ әр жылдары оқу орнын тәмамдаған түлектер қатысты.
Қонақтар студенттермен өздерінің еңбек жолындағы тәжірибелерімен, жетістіктері-мен және өмірлік кеңестерімен бөлісті. Ашық форматта өткен кездесуде студенттер көкей-леріндегі сауалдарын қойып, мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар жайында жан-жақты мәлімет алды.
Кездесу мазмұны жағынан мағыналы, тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде студенттер тарапынан оң қабылданды. Мұндай жүздесулер жастарды еңбекке баулуға, олардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға және дұрыс кәсіби бағыт таңдауға үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Қарлыға Сланбекова,
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.