БҰЛ ЖЫЛ ЖАСТАРҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

9556c77d-d4fb-4080-a521-c830c405da65.jpg

2025 жыл елімізде Мемлекет басшысының бас-тамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама шыныменде қоғамның еңбек адамына деген құрметін арттырумен қатар, елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын жоғары бағалауға үлкен серпін беруде.

Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу дегеніміз тек оларға құрмет көрсету емес,  еліміздің ертеңгі  болашағын сеніп тапсыратын бүгінгі жастарды нақты еңбекке баулудың айқын жолы. Сондықтан  техникалық және кәсіби білім беру орындарында сапалы маман даярлау басты назарда болу маңызды. Өйткені экономика мен өндірістің негізі – білікті жұмысшы кадрлар.

Бұл жыл жастарға үлкен мүмкіндік береді. Жастарға кәсіптік бағдар, жұмысқа орналасу, шеберлік сайыстары, шетелдік тәжірибе, оқу гранттары – барлығы да еңбекке ынталандыру үшін жасалынатын бағдарламалар.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі жүзеге асыру арқылы біз еліміздегі жұмысшы мамандықтар қатарын арттыра аламыз.

Расында да биылғы жылдың ерекшелігі жастарды еңбекке баулу болып тұр.

Жастардың еңбек сүйгіш болуы еліміздің болашағы жарқын екенінің бірден-бір айғағы деп ойлаймын.

Сымбат НҰРПЕЙІС, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • День металлурга в Казахстане — 20 июля
  • Алматы облысында балабақшаларға ваучерлік жүйе енгізілді
  • 2025 жылы мал шаруашылығын субсидиялау жүйесі жаңаша форматта іске асырылады
  • БҰЛ ЖЫЛ ЖАСТАРҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРУДЕ
  • ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ