Алматы облысында 1746 жас әскерге шақырылады

1.JPG

Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Өңірде 1746 жас мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың қатарына жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. 


18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер отан алдындағы борыштарын өтеуі тиіс.   Әскеге шақыру хабарламалары 1414 бірыңғай байланыс орталығының сервисі арқылы,  сондай-ақ үй және жұмыс мекенжайларына жіберілетін дербес шақыру қағаздарын жіберу негізінде жүзеге асырылады.


«890 әскерге шақырылушы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, қалған 856 –сы Ұлттық ұланның, Мемлекеттік күзет қызметінің және ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қызмет өткеретін болады», - дейді Алматы облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, шақыру басқармасының бастығы, полковник Дулат  Акишев.  

 Жалпы, азаматтарды әскерге шақыру науқаны жылына екі рет өтеді. Ол наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында жүзеге асады. 

Қонаев қаласы қорғаныс істері басқармасының шақыру бөлімінің бастығы, капитан  Джамила  Бухарбаева әскерге шақыру ашық түрде жүргізілетінін атап өтті.  

Оның айтуынша, шақыру комиссиясының жұмысына жұртшылық қатыса алады екен.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Карагандинской области обсудили реализацию Послания Президента
  • Қарағанды облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды
  • В Жетісу обсудили задачи Послания Президента и актуальные вопросы развития региона
  • Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды
  • Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания