Қарқынды құрылыс: Қонаевта 121 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда

1.JPG

Қарқынды құрылыс: Қонаевта 121 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда

Құрылыс бөлімі басшысының м.а. Самал Тасқалиева салынып жатқан тұрғын үй кешендері жайлы журналистерге сұхбат берді.

Оның мәліметінше, қазіргі таңда 6 жеке құрылыс компаниясы ауданы 121 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй кешенін салуда.

«Кешендердің бірі 10-шағынауданда орналасқан («Алинур Транс құрылыс» ЖШС-ның «NNS City» атты кешені). Мұндағы тұрғын үйлердің  жалпы ауданы 53,277 шаршы метрді құрайды. Барлығы 615 пәтер болады. Құрылысы биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Пәтерлер түрлі бағдарламалар арқылы ипотекаға беріледі», - деді бөлім басшысы.

Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы 61,968 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Оның ішінде 18 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлер болса, қалғаны жеке инвестор қаржысына салынған тұрғын үйлер.

Сондай-ақ Қонаевта былтырдан бері 165 әлеуметтік осал топтан шыққан отбасы баспаналы болды. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш тағы да өседі деп жоспарлануда. Ал 10-шағынауданда мемлекеттік бюджетке салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы жуық арада аяқталады. Пәтерлер «Отбасы банк» арқылы ипотекаға беріледі.

Алдағы уақытта 60 пәтерлік 9 тұрғын үй мен 50 пәтерлік бір тұрғын үй бюджет қаражатына салынады деп жоспарланған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году