ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУДЕ

163923d5-04d2-46a1-b618-172e1e1f9b8e.jpg

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарат Тоқаев биылғы жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп белгіледі.

Әрине бұл  еңбектің қарақа-занын қайнатып жүрген еңбек адамдарының ел – жұртқа сіңірген еселі еңбектерін на-сихаттауға таптырмайтын мүм-кіндік.

Тәуелсіз мемелекетіміздің дамуына сүбелі үлестерін қо-сып, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелері баршылық. 

Жолаушыларды әрі – бері тасымалдап, халыққа күндіз – түні қызмет көрсету яғни таксист болу қазіргі заманда жекеменшік көлігі бар адамдардың айналысатын тұрақты кәсібі десек те болады. Бұл кәсіппен тұрақты айналысу кез – келген адамның қолынан келе бермейтін жұмыс.

Бала  - шағасының несібесі үшін темір тұлпарды тізгіндеп, үнемі алыс – жақын жолдарға сапар шегіп,  халыққа сапалы қызмет көрсетіп, жол үс-тінде жүрген таксистердің жұмыстары шынымен де  күрделі.

Дана халқымызда «Жол азабын жүрген біледі» деген қанатты сөз бар. Жолаушыларды тасымалдап, ауыл мен қалалардың арасында үнемі жолда жүрген азаматтардың деншілігі тепсе темір үзетін жас жігіттер екені жасырын емес. 

Ал Алматы – Бақанас бағытында жолаушыларды тасмалдап жүрген таксистердің  арасында жасы алпысты алқымдаған, жетпістің желкесіне, тіпті сексеннің сеңгіріне шыққан қарияларда бар.

Жолаушыларға қызмет көрсетушілер арасында  80 жастың сеңгірінен асқан Төлеухасан Күнтаңатовты танымайтын адамдар бұл күнде  кемде – кем. 

Жолаушылардың талап – тілектерін орындап, оларды қажетті жерлеріне жеткізуді өз міндетіне алған әңгіме кейіп-кері бұл кәсіппен айналысуды зейнеткерлікке шыққаннан кейін бастаған.

Жастайынан еңбек етуді жаны қалап тұратын Төлеухасан ағаны көпшілік «Әткентай» деп атайды.

Темір тұлпарды тізгіндеген Әткентай аға  1941 жылы Қарой ауылында дүниеге келген. Туған жердің топырағына аунап, суын ішіп, Нарын өзеніне шомылып, бақытты балалық шағын алаңсыз өткізген бозбала «Үлгілі» орта мектебінде білім алған.

1960-1963 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын аяқтап келгеннен кейін Бақанас ауылындағы көлік жүргізушілерді дайындайтын мектепте оқып, көлік жүргізуші куәлігін алып шыққаннан кейін, сол жылы аудандық Автобазада жүргізуші болып еңбек жолын бастаған.

Кейіннен аудандық тұтынушылар одағында тауар тасушы жұмысына ауысып, ол мекемеде де өзінің іскерлігін көрсете білген білікті маманды аудандық аң терісін қабылдау пунктінде тауар қабылдаушы етіп сайлаған. 

Еңбек адамының атқарған жұмыстары өткен шақтың ен-шісінде болса да, бүгінгі ұр-паққа ол кісінің өнегелі істері ауыз толтырып айтарлықтай.   

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары Төлеухасан Күнтаң-атов жұмыс жасаған мекемелер жабылып қалуына байланысты зейнеткерлікке дейін аудан тұрғындарынан тері, жүн қабылдап, жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

Ал бүгін зейнет жасында жүрсе де еңбектен қол үзбей жолаушыларды тасымалдап, ха-лыққа қызмет көрсетіп жүрген жәйі бар.

Өзінің еңбексүйгіштігімен  ел – жұртына танымал болған әңгіме кейіпкері 1964 жылы өмірлік жары Шәріпжамал Сымайылқызымен шаңырақ кө-терген.

Ардақты әке, аяулы ана ат-анған қымбатты жандар өмірге 2 ұл, 2 қыз әкеліп, оларды қатарынан қалдырмай өсіріп жеткізген.

Әңгіме кейіпкері өзінен кейінгі жастарға үлгі - өнегесін көрсетіп, ақыл  - кеңесін айтудан еш жалықпайды. Өзінің өкшебасар інілері ол кісінің сыпайы сөзін, кеңпейілді мінезін үлгі тұтып, құрметтейді.

 Кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту – еңбек адамының ең бірінші асыл қасиеті.

 Адам шын еңбектенсе, қай кәсіппен де қалаған мақсатына жетуге болады. Осындай еңбек етуді жаны қалап тұратын адамдардың  жүріп өткен белес-тері жайында естігенде «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген ұлы Абайдың даналық сөзі тіл ұшына орала береді.

                                    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі». 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • НӘЗІК ЖАНДЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары
  • Цифровизация налогового администрирования: новые технологии для борьбы с фиктивными сделками
  • Табиғи газды қауіпсіз пайдалану: ескерту шаралары мен сақтық талаптары
  • Соблюдение правил – залог безопасности!