МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫРДЫ...

7c14b597-30b0-43e5-9357-40e3f67284f4.jpg

    «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Ноғайбай Марат Нұраұлы, Балқаш аудандық мәслихат депутаты Балтабаев Айдос Жұматайұлы, Балқаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Шуленбаев Нурали Сматұлы, Балқаш аудандық  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Төлепберген Қуаныш Шұғайұлы,  Балқаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің басшысы Қамзаев Асембек Күмісбекұлы Ақкөл, Көкжиде ауылдарында мобильдік қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға  ауыл тұрғындары қатысып, өз өтініштерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

Мобильдік қабылдау барысында Балқаш аудандық партия филиалының төрағасы М.Ноғайбай «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларының, партия жобаларының кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде сөз қозғады және осы Мобильді қоғамдық қабылдау арқылы тұрғындардың сұрағы шешілетіндігін айтып өтті.

Мобильдік қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар қабылдау кезінде көтерілген мәселелер:

Тұрғын үй кезегі;

Жас мамандарға арендалық үй;

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша несие алу;

Ауылдың ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары;

Таза ауыз су;

Әлеуметтік мәселелер туралы сұрақтар түсті.

Мобильдік қоғамдық қабылдау қортындысына сәйкес тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, қадағалау жұмыстары жүргізілетін болады.

 

«AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының кеңесшісі     Оразбекова Жұлдызай Бекзатқызы

 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Стажировки, жилье и гранты: как Казахстан поддерживает молодых ученых
  • Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады
  • НӘЗІК ЖАНДЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары
  • Цифровизация налогового администрирования: новые технологии для борьбы с фиктивными сделками