«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 68 мың түп ағаш отырғызылды

e4a5c54f-bd5e-4357-8765-49057f3ff4d3.jpg

    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өтен баспасөз мәслихатында мәлім болды. 

2024 жылдың сәуір айында басталған Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасында  Алматы облысындағы барлық 368 елді-мекен қамтылып, 735 мыңнан астам халық, 8,8 мың кәсіпорын мен ұйым, 400 саяжай тұрғындары қатысты.

«Бағдарлама барысында 26 мың тонна қоқыс жиналып, 8 мың гектардан астам аумақ тазартылды. 68 000 ағаш отырғызылды. 2 мыңнан астам әлеуметтік нысан, 413 су нысаны абаттандырылды. 850-ден астам ескерткіштер, мұражайлар мен мемориалдар күл-қоқыстан тазартылды. Мамандандырылған техниканың 2325 бірлігі жұмылдырылды», -деді Алматы облысы экология департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Молдахметов. 

Баспасөз мәслихаты барысында өткен жылы экологиялық талаптардың бұзылуына қатысты тың деректер айтылды. 

ҚР экологиялық кодексі 324-баптың 1-бөлігіне сәйкес, жалпы сомасы 915 080 теңгеге  33 айыппұл салынды. Сонымен қатар, экологиялық талаптардың бұзылуы бойынша 344-бапқа сәйкес, 83 айыппұл жазылып, айып мөлшері  17 093 960 теңгеге жетті»,-деді Алматы облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ксения Иванова.

Айта кетейік, 344-бап бойынша  51 заңды, 11 жеке , 21 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды*
  • Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді
  • Конституционный референдум в Казахстане: новый этап реформ
  • Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане
  • *В Астане от имени Главы государства были вручены ключи от квартир работникам СМИ*