Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының кезеңінде үшінші орын алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 08:35

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының кезеңінде үшінші орын алды

    Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде біздің спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті.

Аталмыш дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды.

Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Польшада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алған еді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл
  • Шәмші Қалдаяқовтың туған күні: "Қазақ вальсінің королі" туралы не білеміз?
  • Как композитор Шамши Калдаяков заставил звучать целую эпоху
  • Шәмші Қалдаяқов: Қазақстанның үніне айналған әуен
  • «Lotus Fest-2026»: 94 человека приняли участие в Run-марафоне