Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия кубогында алтын жеңіп алды

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия кубогында алтын жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле және Арина Алтухова, Елизавета Безрукова ешкімге дес бермеді. Олар 1849.8 ұпаймен күміс жүлдегер Жапониядан 1,5 балл көп жинады. Үздік үштікті Оңтүстік Корея командасы түйіндеді.

Осы жаттығудың жекелей сынында Арина Алтухова 618.2 ұпаймен 4-ші, Елизавета Безрукова 5-сатыдан көрінді. Ал Александра Ле 10-орынға табан тіреді.

Енді ертең әйелдер 3 позицияда нысана көздеуден жүлдеге таласады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Казахстане растет число гостиниц и курортов;
  • 192 новых объекта размещения туристов появились в Казахстане в 2026 году;
  • Туристическая отрасль Казахстана демонстрирует уверенный рост.
  • Спрос на труд растет в реальном секторе экономики.
  • На платформе Enbek.kz за 5 месяцев размещено пооядка 500 тыс вакансий;