Қазақстан – Орталық Азияда жемқорлық деңгейі ең төмен ел

Transparency International ұйымы жариялаған «2024 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде» Қазақстан 180 елдің ішінде 88-орынға жайғасты. Елдің көрсеткіші 100 мүмкін ұпайдың 40-ына тең. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда бір саты жоғары көрсеткіш. 

Аймақтағы көршілердің көрсеткіштеріне келер болсақ, Тәжікстан 19 ұпай жинап, 164-орын, Қырғызстан 25 ұпай және 146-орын, Өзбекстан 32 ұпай және 121-орын, ал Түрікменстан 17 ұпаймен 165 орынға табан тіреді. Ресей 22 ұпай алып, 154-орынға жайғасты.


Үздік бес орынды Дания (бірінші орын), Финляндия, Сингапур, Жаңа Зеландия мен Люксембург иеленді. Жемқорлығы ең жоғары бес елдің қатарына Йемен, Сирия, Венесуэла, Сомали мен Оңтүстік Судан кірді (соңғы орын).


Зерттеу авторларының айтуынша, жемқорлық жаһандық мәселе болып қалып отыр және климаттық өзгерістермен күреске де кері әсерін тигізеді.

«2012 жылдан бері 32 ел сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай төмендетті. Алайда 148 елде жағдай не өзгерген жоқ, не одан әрі нашарлады. Әлемдік орташа көрсеткіш жылдар бойы 43 деңгейінде қалып отыр, ал елдердің үштен екісі 50-ден төмен ұпай жинаған. Миллиардтаған адам жемқорлық адам құқықтарына нұқсан келтіретін елдерде өмір сүріп жатыр», – делінген зерттеуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «JASTAR CAMP» жастар лагері өтті: кәсіпкерлік, білім және цифрландыру мәселелері та
  • Қазақстанда креативті экономиканы дамыту және киноиндустрияға рибейт жүйесін енгізу мәселелері талқы
  • Алматы облысын дамыту, жұмыс орындарын құру және инфрақұрылымды жаңарту мәселелері талқыланды
  • Отандық кәсіпорындарда әлеуметтік жауапкершілік пен ESG стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды
  • От конкуренции программ к конкуренции решений: эксперты обсудили партийную кампанию «Сайлау-2026»