ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

вол.JPG

Өткен аптада облыс орталығы Қонаев қаласында 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Алматы облыстық қысқы чемпионат болып өтті.

Облыстық чемпионатта бақ сынаған аудан командасы ақтық сайыста өнер көрсетіп, ІІ-ші орын иегері атанды.

Ал жылдық қорытынды бойынша жүлделі ІІІ-ші орынға табан тіреді.

Жерлестеріміздің жылдық қорытынды бойынша жүлделі орынды еншілеуі - аталмыш спорт түрінен ұйымдастырылған көктемгі, жазғы және күзгі облыстық чемпионаттарда жүлделі орындарды еншілеген болатын-ды. Әрине аудан волейболшыларының осындай жетістікке жетуі қуанарлық жаңалық деп білеміз. 

Балғын спортшылардың облыстық чемпионатта топ жаруы аудандық балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Қуанышбек Оразымбетұлының мол тәжірибиесінің арқасында жүзеге асып жатқаны жасырын емес.

Спорттық шара соңында жеңімпаз командалар мен үздік спортшылар марапатталды.

Марапаттау барысында аудандық құрама командасының көшін бастаған Аралтөбе орта мектебінің оқушысы Бүркіт Темірболатұлы «Үздік ойыншы» атанса, Ақкөл орта мектебінің оқушысы Ілияс Болатұлы «Үздік доп үйлестіруші» және Береке орта мек-тебінің оқушысы Аслан Манат пен Б.Бейсекбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушысы Аңсар Әділхан «Үздік шабуылшы» атанды.

Болашақта үлкен спорттық сайыстарда бақ сынап, Олимпиада немесе әлем чемпиондары атанатын спортшылар бүгінгі мектеп оқушылары арасында жүруі әбден мүмкін.

Сондықтан жастайынан спортқа бейім балаларды баптап, спорттық сайыстарда көрсеткен өнерін бағалап, олардың биік баспалдақтарға қадам басуына барынша жағдай жасағанымыз абзал.

Осындай жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатып жүрген спортшылардың жеңісті күндері көп болуына тілектес болайық, ағайын!

           

 Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында 8 есірткі зертхана жойылып, 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді
  • Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты
  • Касым-Жомарт Токаев принял участие в запуске суперкомпьютера
  • Балалар қауіпсіздігі мен су айдындарындағы тәртіп – бақылауда
  • САЯБАҚҚА АРДАГЕР ЕСІМІ БЕРІЛДІ