ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

2cb418c6-1d07-4898-843f-86cd7f769866.jpg

31 қаңтар мен 8 ақпан күндері аралығында Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында спорттың қол күрес түрінен әлем кубогы өтті.

Аталмыш жарыстың 16-18 жас аралығында өткен бәсекесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Аяулым Хасанова жеңіспен оралды.

 60 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен жерлесіміз сол қолмен күш сынау барысында қарсыластарынан басым түсіп, І- ші орын иеленсе, оң қолмен күш сынасқан кезеңде жүлделі  ІІІ – ші орынды еншіледі. 

Әлем кубогында ел намысын қорғаған жерлесіміз Аяулым жайында айтар болсақ, ол М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің түлегі. Бақанас аграрлы – индустриялдық колледжінің студенті.   Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шыныққан балғын спортшы 2024 жылы Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатының жүлдегері. Сондай-ақ Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында да бақ сынап, аталмыш жарыстың чемпионы атанған. 

Жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатқан жас спортшыны аудан әкімі Азат Құтпанбетов өзінің жұмыс кеңсесінде арнайы қабылдап, чемпионға лайықты құрмет көрсетіп, спортшының әлі де биік белестерді бағындыруына тілектес болып, жеңімпазды марапаттады.

Аудан басшысының қабылдауында болған Аяулым Хасанова ризашылығын білдіріп, жеңіске жетуіне сүбелі үлесін қосқан жаттықтырушысы Самат Бекмұратовқа алғысын айтты.     

Өз тілшімізден.                   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ЦИК Кыргызстана отметил высокий уровень подготовки референдума
  • Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты.
  • Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды
  • Халықаралық бақылаушы Ахмет Йенер: Қазақстандағы референдум ашық әрі жоғары белсенділікпен өтті
  • Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой