ҚОНЫСТОЙЛАРЫН ТОЙЛАДЫ

ed0e3fd1-bcc9-4b21-b09b-d3091bf079ef.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде көптеген үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап тұрғын үйлер салып беру үшін қажетті қаражат бөлініп, облыс және аудан орталықтарында тұрғын үйлер салынып, олар қолданысқа берілуде.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірімізде жалгерлік тұрғын үйлер салынып, аудан көлемінде тұрғын үй кезегінде тұрған аудан тұрғындары баспаналы болуда.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мен қаражатты тиімді пайдалану мақсатында ауданға инвесторлар тартылып, Бақбақты ауылынан бой көтерген 2 пәтерлі 5 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары толыққанды аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға пәтер кілттері   салтанатты түрде табысталды.

Салтанатты шараға арнайы барған аудан әкімі Азат Құтпанбетов жиналған көп-шілікті құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді. Аудан басшысы өз сөзінде: «Елімізде тұрғын үй мәселесін жүзеге асыру мемлекет басшысы бекіткен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының басты талабы болды.

Аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі ауданымызда да қарқынды жүріп, жылма-жыл тұрғын үйлер бой көтеріп, әрбір тұрғынның баспаналы болу мүмкіндігіне қол жеткізілуде.

Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарына арналып, жеке тұлға Ербол Нұрмашов ивесторлық жоба ретінде   2 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысын қазан айында бастаған болатын-ды. Бір пәтердің жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мемлекет тарапынан сатып алу жоспарланған. Міне, сол тұрғын үй құрылысы сәтті аяқталып, енді мұқтаж жандардың игілігіне мемлекет тарапынан берілмек» - деп, тұрғын үй құрылысын жүргізген Ербол Нұрбекұлына ризашылығын білдіріп, аудан халқы атынан алғысын жаудырды.

Аудан басшысының құттықтауынан кейін тұрғын үй иелеріне пәтер кілттері салтанатты түрде табысталып, ақжаулықты аналар шашуларын шашып, баспанаға қол жеткізген тұрғындар қоныстойларын тойлады.

Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Стажировки, жилье и гранты: как Казахстан поддерживает молодых ученых
  • Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады
  • НӘЗІК ЖАНДЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру: жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары
  • Цифровизация налогового администрирования: новые технологии для борьбы с фиктивными сделками