Жылыту маусымы: Қызыл жалын қайдан шығады?

6.JPG 

   Тілсіз жаудан келер қатер сейілмей тұр. Әсіресе, жылыту маусымында тұрғын үйлерден шығатын өрт саны азаяр емес. Биылдың өзінде Алматы облысында 237 өрт оқиғасы тіркелген.  Салдарынан, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқарамасының бастығы Самат Кенжеханұлы айтты. 

    Қызыл жалынның шарпуына бірден-бір себеп, жылыту құралдарын пайдаланудан болады екен. 

«Жыл басынан электр жабдығының ақауынан 58 өрт шықты.  Былтыр бұл көрсеткіш 60 болған еді, биыл тек екіге ғана кеміген.   Жылыту құралдарын жиһаздардан, пердеден алшақ қою керек.  Тоқ көзіне қосылған кез келген жабдықты қараусыз қалдыруға болмайды. Осындай қарапайым ережені естен шығарудың  соңы оқыс оқиғаға әкеледі»,-деді Самат Кенжеханұлы. 

  Төтеншеліктер қашанда  өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңай екенін еске салады.  Төтенше жағдай кезінде шұғыл түрде  101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Негізгі саяси дискуссия: жеті партияның көшбасшылары – 24KZ эфирінде Дереккөз: https://24.kz/kz/zha
  • Главная политическая дискуссия: лидеры семи партий – в эфире «24KZ» Источник: https://24.kz/ru/news
  • Спорт саласының үздіктеріне “Құрмет грамоталары” мен “Алғыс хаттар” табысталды
  • Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдап, Қазақстанның басты ұстанымын айтты
  • Токаев сделал заявление о внешней политике Казахстана